Жалғыз акционердің 2025 жылғы 12 ақпан шешімімен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы лауазымына  Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы сайланды

Жалғыз акционердің 2025 жылғы 12 ақпан шешімімен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы лауазымына Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы сайланды

Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін және Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. Жалпы жұмыс өтілі 26 жылдан асады. Еңбек жолын 1997 жылдан бастаған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ және «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Жасыл» АҚ Басқарушы директоры қызметтерін атқарып, «Жылыжайлар мен климаттың өзгеруі» блогында жетекшілік еткен, оның ішінде: парниктік газдарды түгендеу; шығарындылардың сауда жүйесі; Климаттық саясат пен халықаралық ынтымақтастықты модельдеу.

Оның басшылығымен халықаралық қоғамдастыққа транспаренттілік туралы екі жылдық баяндама (BTR1) әзірленіп ұсынылды, сол арқылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясында (СОР29, Баку қ.), Париж келісімінде белгіленген Климаттық мақсаттарды іске асыруда, Қазақстан – Орталық Азияда көшбасшы болып танылды.

Бұдан басқа, Сәкен Амангелдіұлы болашақта шығарындылар саудасының жүйесін жақсартуға және Қазақстан Республикасының аумағында офсеттік жобаларды іске асыруды бастауға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне» бірқатар түзетулер әзірледі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.