«Жасыл» технологиялар тізілімі тұрақты даму және экологиялық жаңғырту құралы

«Жасыл» технологиялар тізілімі тұрақты даму және экологиялық жаңғырту құралы

«Жасыл» технологиялар тізілімі —экологиялық тиімді шешімдерді табуға және енгізуге көмектесетін платформа. Ол қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті ынталандыратын құралдардың бірі бола отырып, «жасыл» жобаларды ілгерілету және қолдау үшін құрылған. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 130-бабының 2-тармағына сәйкес Орталық «жасыл» технологиялардың сервистік операторы ретінде «Жасыл» технологиялар мен жобалардың тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді.

Тізілімнің мақсаты

· Көміртегі ізін азайту және «жасыл» экономикаға көшу үшін озық технологияларды іздеу және ілгерілету.

· Экологиялық жобаларды іске асыру үшін кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдар пайдалана алатын тексерілген шешімдердің базасын құру.

· Әзірлеушілердің, инвесторлардың және бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы үшін кеңістік қалыптастыру.

Тізілімнің артықшылықтары

· Тексерілген технологияларға қол жеткізуу:

· Инновацияларды қолдау

· Экологиялық жаңғырту

Тізілімнен не қамтылған?

· Шығарындыларды азайту және энергия тиімділігін арттыру технологиялары.

· Қалдықтарды қайта өңдеуге және энергияның баламалы көздерін пайдалануға арналған шешімдер.

· Мониторингтің және экологиялық тәуекелдерді басқарудың цифрлық құралдары.

«Жасыл» технологиялар тізілімі — тұрақты экономика мен экологиялық қауіпсіз болашақ құру жолындағы маңызды қадам.