25 ақпанда Басқарма Төрағасының м.а. С.А. Қалқамановтың басқаруымен “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ (Орталық) өкілдері “Астана” халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) өкілдерімен – Қаржы өнімдері жөніндегі бас директор, АХҚО Басқарма мүшесі Данияр Келбетовпен және АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Манас Гиждуаниевпен кездесу өткізді. Кездесу АХҚО алаңында өткенін атап өткен жөн.
Кездесу барысында тараптар жасыл қаржы құралдарын ілгерілету саласындағы әріптестік жасасу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, экологиялық таза жобаларға инвестиция тартуға ерекше назар аударылды, бұл екі ұйым үшін де басымдық болып табылады. Тараптар өзара ынтымақтастық жасасу және жасыл қаржы саласындағы бірлескен бастамаларды одан әрі іске асыру туралы уағдаласты.
Кездесудің орталық тармақтарының бірі тұрақты қаржы нарығына жаңа қатысушыларды тартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды талқылау болды. Ұсыныстар жасыл қаржы саласындағы білімді тереңдетуге және практиканы кеңейтуге ықпал ететін форумдар, оқыту іс-шаралары, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде болды.
Кездесуді қорыта келе, тараптар ХЖТИЖО мен АХҚО арасындағы әрі қарайғы ынтымақтастық Қазақстанның тұрақты қаржылық дамуы саласында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететініне сенім білдірді.