Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және тәуекелдердің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және тәуекелдердің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

2025 жылғы 9 сәуірде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараға орталықтың Басқарма төрағасының міндетін атқарушы С.Қалқаманов төрағалық етті.

Семинарға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы қатысып, баяндамасын ұсынды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары, қолданыстағы саясаттың ерекшеліктері, шектеулерді сақтау талаптары, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері мен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі талқыланды.

Іс-шара қызметкерлердің адалдық, ашықтық және заңнама нормаларына бейілділік қағидаттары бойынша құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жазира Жақсылыққызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы кеңінен айтып, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдарда орын алатын типтік жағдайларды мысалға келтіріп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын түсіндірді.

Семинар соңында ашық диалог форматында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.