ХЖТИЖО мен Lihe Technology: экологиялық мониторингтегі жаңа көкжиектер

ХЖТИЖО мен Lihe Technology: экологиялық мониторингтегі жаңа көкжиектер

ХЖТИЖО экологиялық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Су, ауа және өнеркәсіптік шығарындылар сапасын бақылау жүйелерінің жетекші әзірлеушілерінің бірі Life Technology – Орталыққа жаңа серіктес болды. Бірлескен жұмыс қоршаған ортаны қорғау үшін неғұрлым дәл және тиімді шешімдерді енгізуге бағытталып отыр.

ХЖТИЖО кеңсесінде өткен кездесуде Life Technology өкілдері деректерді жинап қана қоймай, оларды нақты уақыт режимінде талдауға қабілетті автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйелері мен зияткерлік зертханалар сияқты инновациялық шешімдер ұсынды. Мұндай технологиялар экологиялық мониторингтің нақты, ашық әрі технологиялық деңгейдегі жаңа дәуіріне қадам басып отыр.

ХЖТИЖО өз кезегінде жасыл технологияларды ілгерілету, “Жасыл көпір” бағдарламасын іске асыру және тұрақты даму саласындағы озық әзірлемелерді қамтитын жасыл технологиялар тізілімін жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Мамыр айында ХЖТИЖО өкілдері компанияның шешімдерімен жақынырақ танысу және олардың бірлескен жобалар үшін әлеуетін бағалау үшін Қытайдағы Life Technology өндірістік алаңдарына барады. Сондай-ақ су ресурстарын, атмосфералық ауаны және өнеркәсіптік шығарындыларды мониторингтеу саласында бірлескен зерттеулерді іске қосу бойынша жұмыс басталып кетті.

Life Technology технологияларын ХЖТИЖО жасыл технологиялар тізіліміне енгізу перспективасына ерекше назар аударылып отыр – мұның өзі олардың экологиялық жобаларда кеңінен қолданылуына жол ашуы мүмкін.

Бұл ынтымақтастық – ХЖТИЖО-ның экологиялық бақылауды неғұрлым заманауи, қолжетімді және тиімді етуге қабілетті озық шешімдерді енгізуге арналған стратегиялық курсының тағы бір қадамы.