ХЖТИЖО мен «Бәйтерек» холдингі Қазақстанда тұрақты жобаларды дамыту үшін күш-жігерлерін біріктіреді

ХЖТИЖО мен «Бәйтерек» холдингі Қазақстанда тұрақты жобаларды дамыту үшін күш-жігерлерін біріктіреді

Қазақстан тұрақты болашаққа сенімді қадам жасап жатыр. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «жасыл» экономиканы дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Екіжақты кездесуде ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Сәкен Қалқаманов пен «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин экологиялық, инвестициялық тартымды және технологиялық орнықты жобаларды бірлесіп қолдауға мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.

Негізгі бағыттардың бірі – ХЖТИЖО жанындағы Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының (ЕҚТБ) жұмысына холдинг қолдау жасайтын компанияларды тарту. Бұл жобаларға кейіннен экологиялық сараптама жүргізе отырып, технологиялық пысықтауды жүргізуге мүмкіндік береді, бұл олардың сапасы мен тұрақтылығын арттырады.

Жобалардың «жасыл» инвестициялардың таксономия өлшемдеріне сәйкестігін міндетті бағалау жүйесін енгізу мәселесі бөлек талқыланды. Мемлекеттік қолдауды – субсидияларды, гранттарды немесе қаржыландыруды бөлген кезде ХЖТИЖО қорытындысын шешім қабылдаудың маңызды құралына айналдыру жобаланып отыр.

ХЖТИЖО-ның қолдауымен Жасыл климат қорында аккредиттеуден өтуге дайындалып жатқан Қазақстанның Даму Банкімен жүргізілген өзара іс-қимылға айтарлықтай назар аударылды. Орталық банктің ішкі рәсімдерін халықаралық талаптарға бейімдей отырып, Readiness 2 бағдарламасы шеңберінде консультациялық көмек көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жасыл бастамаларды іске қосу бойынша нақты қадамдарды белгіледі. Осындай қадамдардың бірі көміртегі егіншілігін қоса алғанда, көміртегі іздерін азайту және орнықты практикаларды дамыту жөніндегі жобаларды қолдау құралы – Карбон қорын құру болуы мүмкін.