Ашхабадта Климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия конференциясының (ЦАКИК-2025) алаңында Түрікменстан Үкіметінің, ОААЭО, GIZ бен CTCN «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) ұйымдастырған «Жасыл көпір» бастамасы: ҰДАС-ны іске асыруды жеделдетуге және нығайтуға арналған инновациялық технологиялар» сессиясы өтті. Сессия жаңартылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілетуге және Қазақстан бастамашылық жасаған Орталық Азияда жасыл климаттық технологиялар трансферіне арналған цифрлық платформа құру жобасына арналды.
Қатарлас сессияда өңір елдері үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және тұрақты даму мен цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылар бас қосты. Сессияны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин ашып, экологиялық күн тәртібінің негізгі басымдықтары мен орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Қатысушыларға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев және Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Климаттың өзгеруі ұлттық орталығының директоры Фаррух Саттаров кіріспе сөз сөйледі. Олар өсіп келе жатқан климаттық сын-қатерлер жағдайында өңірлік ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Негізгі спикерлердің ішінен ХЖТИЖО өкілдері, оның ішінде Басқарма Төрағасының орынбасары Сәуле Қозыке және Басқарушы директор – Ең үздік қолжетімді технологиялар бюросының басшысы Бауыржан Әбенов сөз сөйледі. Халықаралық қоғамдастық атынан Климаттық технологиялар мәселелері жөніндегі орталық пен Климаттық технологиялар желісінің (CTCN) маманы— Хоён Джо баяндама жасады.
Талқылауға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы, GIZ жобасының жетекшісі Йоханнес Баур Каролина Милоу, EU SWITCH-Asia бағдарламасының климаттың өзгеруі және экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы Ранга Паллавала, сонымен қатар «STILO EVORA» компаниясының бас директоры Фаур Юлиус-Клаудиу қатысты. Барлық қатысушылар серіктестікті одан әрі дамытуға және өзара іс-қимылға қызығушылық танытты.
Осы іс-шара климаттық технологиялардың цифрлық платформасын құру жөніндегі одан арғы қадамдарды нақты талқылау түрінде кеңейтіле отырып, сондай-ақ Орталық Азия ЕҚТ бюросының (ең оүздік қолжетімді техникалар) платформасы кіретін Қазақстанның жаһандық бастамасы – «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының оң жалғасы болды.
«Бірыңғай цифрлық платформа құру – бұл жай ғана технология алмасу мәселесі емес. Бұл бүкіл өңірдің тұрақты дамуы үшін тиімді экожүйе құруға жасалған қадам», — деп атап көрсетті Сәуле Қозыке.
Сессия шеңберінде Орталық Азия елдерінің ЕО, ЖЭҚ, CTCN, DENA және басқа да ұйымдарды қоса алғанда, халықаралық әріптестермен одан әрі өзара іс-қимылы бойынша ұсынымдар әзірленді. Технологиялар трансферін заңнамалық қолдау мәселесіне, шешімдерді валидациялау тетігіне, сондай-ақ жеке секторды тартуға баса назар аударылды.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы төмен көміртекті дамуға және ұлттық белгілі бір салымдарға (NDC) қол жеткізуге тұрақты көшуді қамтамасыз ете отырып, өңірлік өзара іс-қимылдың негізгі құралы болмақ.