КЭР-ге уақтылы көпшеген жағдайда бірнеше есе айыппұл салынады: Астанада экологиялық реттеу реформасы талқыланды

КЭР-ге уақтылы көпшеген жағдайда бірнеше есе айыппұл салынады: Астанада экологиялық реттеу реформасы талқыланды

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері «Мемлекеттің «жасыл инвестицияларды тартуды және қолжетімді үздік техниканы кеңінен қолдануды ынталандыруы мен қолдауы бөлігінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексін іске асыру туралы» тақырыбында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басшылығымен кездесу өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік уәкілетті органдардың  өкілдері, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік компаниялардың, салалық қауымдастықтар мен ғылыми қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Ерекше көңіл аударылған мәселе – белгіленген мерзімде КЭР-ге көшпеген кәсіпорындарға қаржылық салдарлар туралы ескерту болды.
2025 жылдан бастап 50 ірі кәсіпорын ЕҚТ енгізіп, КЭР алуға міндетті.
2031 жылдан бастап бұл талап I санаттағы барлық кәсіпорындарға қолданылады.

Керісінше жағдайда экологиялық төлем ставкаларын әр үш жылда 2, 4 және 8 есе кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген, бұл – экономикалық тұрғыдан аса қолайсыз.

«ХЖТИЖО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов егжей-тегжейлі баяндама жасады. Ол Орталық жұмысының нәтижелерімен таныстырды:

  • 100-ден астам технологиялық аудит жүргізу,
  • ЕО-да баламасы жоқ бірегей 7 анықтамалықты қоса алғанда, ЕҚТ бойынша 20 анықтамалық әзірлеу,
  • ЖЭК, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу және экокөлік саласында 38 шешімді қамтитын Жасыл технологиялар тізілімі жүйесін енгізу.

Кеңесте КЭР-ге көшуді бастаған кәсіпорындардың баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, «Karmet» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өздерінің жол карталарын ұсынды және тұрақты даму шеңберінде ЕҚТ енгізуге ниеттеніп отырғандарын растады.

Анықтамалықтары әлі жоқ салаларға – мал шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және т.б. ерекше назар аударылды. Қатысушылар ЕҚТ-құжаттарсыз бұл секторлардың әлеуметтік және реттеушілік қиындықтарға ұшырауы мүмкін екенін атап өтіп, басым салаларда технологиялық аудиттерді жеделдетіп жүргізу жөніндегі ХЖТИЖО-ның бастамасына қолдау білдірді.

Кездесу қорытындысы – мемлекеттің, бизнестің және сарапшылар қоғамдастығының Қазақстандағы экологиялық қауіпсіз, экономикалық тиімді және технологиялық орнықты өнеркәсіптік саясатты ілгерілетудегі күш-жігерін шоғырландыру.