«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ офисінде «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнәр Мұсатаева бастаған делегациямен жұмыс кездесуі өтті. Диалог барысында тұрақты қаржыландыру, ESG-күн тәртібі және жаһандық климаттық бастамаларға қатысу саласындағы серіктестіктің перспективалары талқыланды. Тараптар Нұрбанкті Жасыл климат қорында (Green Climate Fund, GCF) аккредиттеу аясындағы стратегиялық серіктестіктің келешегін егжей-тегжейлі талқылады.
GCF — тұрақты даму, декарбонизация, жасыл энергетика және климатқа бейімделу саласындағы жобаларға қолдау көрсететін климаттық қаржыландырудың ірі халықаралық тетіктерінің бірі. Қордан аккредиттеу алу «Нұрбанк» АҚ-ның Қазақстанда жасыл бастамаларды жүзеге асыруға едәуір ресурстар тартуына мүмкіндік береді.
ХЖТИЖО аккредиттеу процесінде сервистік әріптес және сүйемелдеуші тарап болуға әзір екенін растады. Ынтымақтастық шеңберінде ХЖТИЖО орнықты даму саласындағы қаржы институттарын қолдауға бағытталған толық спектрлі сараптамалық және сервистік қызмет көрсетеді. Орталық қажетті құжаттаманы әзірлеуді және жүйелеуді, сондай-ақ жобалау қызметінің орнықты және климаттық бейтарап даму критерийлеріне сәйкестігін бағалауды қоса алғанда, GCF-те аккредиттеуге дайындық процесінде техникалық қолдау мен сүйемелдеу қызметін ұсынады. Әлеуетті жасыл жобаларды верификациялау және тәуелсіз сараптамалық бағалау, сондай-ақ жасыл облигацияларды шығару мәселелері бойынша консультациялар – қорытындылар дайындаудан бастап құрылымдау мен орналастыруды сүйемелдеуге дейін жүзеге асырылады. Жұмыстың маңызды бөлігі серіктестерді Climate Bonds Initiative, GCF Readiness сияқты халықаралық платформаларға және халықаралық климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ететін басқа да тетіктерге қосу болып табылады.
Кездесу барысында банктің ESG-күн тәртібіне де ерекше назар аударылды. «Нұрбанк» АҚ-да ESG бойынша мамандандырылған бөлімше ашылды, рейтинг алу және орнықты қаржыландыру құралдарын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Тараптар GCF аккредитациясынан басқа, таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдауға бағытталған GCIP Kazakhstan бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл жүргізу әлеуетін талқылады.
«Біз «Нұрбанктің» ESG-ге стратегиялық назар аударып отырғанын жоғары бағалаймыз және жасыл экономиканы ілгерілету және климаттық бастамаларды қолдау мақсатында тұрақты серіктестік жүргізуде әлеуеті зор екенін көріп отырмыз», — деп атап өтті ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Сәкен Қалқаманов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын бірлесіп пысықтауға және пилоттық жобаларды іске асыру үшін басым қадамдарды айқындауға уағдаласты.