Жобаны сүйемелдеу туралы бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ТБХЕО) «НТП KazecotechБ» ЖШС-ға қауіпті қалдықтарды қалдықсыз қайта өңдеу жобасын масштабтауда кешенді қолдау көрсетеді. Орталық шетелдік инвестицияларды тартуға, халықаралық әріптестікті дамытуға және Орталық Азия елдерінде тұрақты даму моделі ретінде жобаны ілгерілетуге жәрдемдеседі.
Жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі – кәсіпорынды Қазақстанға сапармен келген Нобель сыйлығының лауреаты, Тұрақты даму жөніндегі халықаралық сарапшы және бейімделу жөніндегі жаһандық орталықтың кеңесшісі Рае Квон Чунгқа презентациялау болды. Сапар барысында ол компания қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, зауытта қолданылатын технологияларды жоғары бағалады.
«НТП Kazecotech» ЖШС — қалдықтармен жұмыс істеу және медицина салаларында экологиялық қауіпсіз және инновациялық шешімдерді енгізетін қазақстандық компания. Ottobock неміс компаниясымен бірлесе отырып, кәсіпорын қазақстандық параолимпиадалық құрамаға арналған өнімдерді қоса алғанда, қазіргі заманғы протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығарады және көптеген пациенттерді қамтамасыз ету үшін өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Жұмыстың жеке бағыты – медициналық қалдықтарды қауіпсіз өңдеу: кәсіпорын биологиялық және басқа да қауіпті қалдықтарды экологиялық таза кәдеге жаратуды қамтамасыз ете отырып, Астана облысының барлық мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелеріне қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, компания құрамында сынабы бар шамдарды жинайды және өңдейді, сондай-ақ машина жасау және басқа да салаларда пайдаланылатын металдарды өңдейді.
Рае Квон Чунг кәсіпорында қолданылатын медициналық қалдықтарды қайта өңдеу технологияларына ерекше қызығушылық танытты, сондай-ақ параолимпиадалықтар үшін протез өндіру жөніндегі әлеуметтік маңызы бар бастаманы мақұлдады. Оның айтуынша, мұндай жобалар экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, инклюзивті және жауапты қоғамды қалыптастыруға үлес қосады.
Зауытқа бару халықаралық тәжірибе алмасу және экологиялық бағдарланған стартаптарды қолдауға, орнықты тәжірибелерді дамытуға және жасыл экономика саласындағы жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жасыл технологияларды ілгерілету бағдарламасы аясында өтті.