ХЖТИЖО Қазақстанның жасыл жобаларына инвестиция тарту үшін Азия даму банкімен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

ХЖТИЖО Қазақстанның жасыл жобаларына инвестиция тарту үшін Азия даму банкімен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан ірі жасыл жобаларға инвестициялау әлеуетін талқылау мақсатында Азия даму банкі (АДБ) өкілдерімен стратегиялық кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар төмен көміртекті энергетиканы дамытуды, ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізуді, тұрақты өнеркәсіптік шешімдерді қолдауды және жасыл инновациялар экожүйелерін қаржыландыруды қоса алғанда, ХЖТИЖО мен АДБ үшін қызығушылық тудыратын басым бағыттарды қарастырды.

ХЖТИЖО АДБ тарапынан институционалдық қолдаудың маңыздылығын атап өтті және жобаларды сүйемелдеу шеңберінде тереңдетілген өзара іс-қимылға, сондай-ақ жасыл экономика саласында халықаралық инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті дамыту және Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мен экологиялық трансформациялауға бағытталған жасыл күн тәртібін ілгерілету жөніндегі ниеттерін растады.

Анықтама: Азия даму банкі (Asian Development Bank, ADB) — Азия елдері мен Тынық мұхиты өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін кредиттер, техникалық көмек және гранттар беретін халықаралық қаржы ұйымы. 1994 жылы Қазақстан АДБ-ға кіргеннен бері банк инфрақұрылымдық, энергетикалық және экологиялық бастамаларды іске асыруда елдің негізгі серіктестерінің біріне айналды.