ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен оның Өзбекстандық әріптесі Әзиз Әбдухакимов Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесін өткізу туралы ресми бастама көтерді. Көрмеде Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары, бизнес, ғылым және жұртшылық өкілдері бас қосты.
Іс-шара аясында Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық көрме павильонын таныстырды. Жетекші қатысушылардың қатарында сараптамалық және көрмелік бағдарламада еліміздің атынан «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ қатысты.
Қазақстанның «жасыл» өсу, циркулярлық экономиканы дамыту жолдарын және экологиялық әсерді азайту саласындағы ұлттық стратегияларды іске асыру бойынша нақты қадамдарын таныстыру басты назарда болды.
Ашылу салтанаты барысында Ерлан Нысанбаев осындай символдық бастама екі елдің берік экологиялық серіктестік құруға деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті. Министр көрменің тәжірибе алмасу, жасыл бастамаларды ілгерілету және тұрақты шешімдерді бірлесіп іздеу үшін маңызды өңірлік платформаға айналатынын атап өтті.
Көрме ресми ашылған күні ХЖТИЖО «Жасыл акселерация: GCIP-Kazakhstan тәжірибесі және Орталық Азиядағы орнықты кәсіпкерлік перспективалары» деп аталатын панельдік сессия өткізді. Басты тақырып – Қазақстанда ЮНИДО мен Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) серіктесе отырып іске асырып жатқан халықаралық Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) бағдарламасы болды. Ол таза технологиялар, қайта өңдеу, энергия тиімділігі және ЖЭК салаларындағы стартаптарды қолдауға бағытталған.
Сессия барысында:
– FACEPLATE жобасы – өнеркәсіптік экологиядағы цифрлық шешімдер;
– Murat Beton Technology жобасы – жасыл құрылыс материалдары;
– өңірлік стартап-экожүйені құру тетіктерін талқылау ұсынылды.
Сессия мемлекеттік органдар, жеке сектор, инвесторлар мен инновацияларды әзірлеушілер арасында «жасыл» бизнестің өсуі үшін трансшекаралық жағдайлар жасау бойынша диалог алаңына айналды.
Қазақстанның Eco Expo Central Asia 2025 көрмесіне қатысуы оның өңірде технологиялық жаңғыртуға, орнықты дамуға және экономикалық өсім тәсілдерін трансформациялауға бағытталған ұзақ мерзімді және прагматикалық экологиялық серіктестік құруға ұмтылысын көрсетеді.