EXPO 2025: Қазақстанның климаттық бастамалары Жапонияда таныстырылады

EXPO 2025: Қазақстанның климаттық бастамалары Жапонияда таныстырылады

2025 жылғы 23 қыркүйекте Жапониядағы EXPO 2025 Osaka көрмесінің «Жер болашағы және биоәртүрлілік» тақырыптық апталығы аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) ұйымдастырған «Көміртекті шешімдер: Тұрақты болашаққа жол» атты халықаралық іс-шара өтеді.

Іс-шара барысында Қазақстанның көміртекті өтеу, экологиялық технологиялар және тұрақты даму салаларындағы табысты жобалары мен GCIP бағдарламасының стартаптары таныстырылады.

Өтетін орны: Theme Weeks Studio, EXPO Osaka 2025
Уақыты: 14:00–16:30
Басты спикерлер:
– Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
– Раэ Квон Чун, Нобель сыйлығының лауреаты
– Тұрақты даму саласындағы басқа да халықаралық сарапшылар

Қатысушыны тіркеу үшін делегаттың толық аты-жөнін, ұйымын, электрондық пошта мекенжайын және ұялы телефон нөмірін info@igtipc.org электронды поштасына жіберу қажет.

Іс-шара туралы толық ақпарат