Біз GCIP-Kazakhstan акселерациялық бағдарламасына қатысуға іріктелген стартаптарды ұсынамыз. Бұл бағдарлама таза технологиялар саласындағы жетекші бастамалардың бірі болып табылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (UNIDO) мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен (IGTIC) серіктестікте жүзеге асырылады. GCIP-Kazakhstanбағдарламасы – экономиканы экологиялық трансформациялауға бағытталған жаһандық қозғалыстың бір бөлігі және 2022 жылғы 2 қарашада UNIDO-мен жасалған келісім аясында іске асырылуда.
Сарапшылардан құралған қазылар алқасының іріктеу қорытындысы бойынша ең перспективалы жобалар анықталып, олар акселерация бағдарламасына қатысуды жалғастырады.
Бағдарламаға қатысушылар мына мүмкіндіктерге ие болады:
- халықаралық менторлық желі мен жеке қолдауға қол жеткізу;
- бизнес-модельді дамыту, жобаны ауқымдау және инвестицияға дайындау;
- жобаларды халықаралық аренада таныстырып, жаһандық нарыққа шығу мүмкіндігі.
GCIP-Kazakhstan миссиясы – инновацияларды қолдау, “жасыл” жұмыс орындарын қалыптастыру және Қазақстандағы тұрақты кәсіпкерлік экожүйесін дамыту.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның үшінші цикліне өтінімдер қабылдау наурызда басталып, 2025 жылдың мамырында аяқталған болатын. Байқау Қазақстанды экологиялық таза, қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан дамыған елге айналдыруды көздейтін дарынды жаңашылдарды біріктірді.
Бағдарлама 28-31 шілде күндері Астанада өтетін Ұлттық академиядан басталады, ол акселерацияға қатысушыларды даярлаудың негізгі кезеңі болмақ.
Ұлттық академия – акселерациялық бағдарламаға іріктелген стартаптар үшін ұйымдастырылатын кіріспе оқыту модулі. Академия аясында NGIN (Network for Global Innovation) халықаралық сарапшыларының қатысуына ерекше назар аударылады. NGIN – АҚШ-та орналасқан, таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдауға маманданған жаһандық акселераторлар, инвесторлар және сарапшылар желісі.
NGIN сарапшылары бизнес-модельді дамыту, халықаралық нарыққа шығу, тұрақтылық пен инвестициялық дайындық бойынша дәрістер мен тренингтер өткізеді. Академия стартаптар үшін акселерация мен шешімдерді коммерцияландырудың келесі кезеңіне мықты негіз қалыптастыратын бастау алаңы болмақ.
GCIP-Kazakhstan 2025 акселерациялық бағдарламасына қатысу үшін іріктелген стартап-жобалар тізімі
№ | Стартап/компанияның атауы |
1 | FOREST HERO |
2 | International Center of Climate Change Technologies |
3 | Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University |
4 | BULAN |
5 | EON LLP |
6 | SpaceLab |
7 | Earthlaq |
8 | PlastX |
9 | Institute of Combustion Problems |
10 | CarbonCapture(+collab with PureAir) |
11 | Beelieve |
12 | BlueTerra |
13 | Gify |
14 | Kemel Ltd. |
15 | 7.supro |
16 | NIS CaseX |
17 | TerraLift |
18 | Ibraim Technologies |
19 | HydroTech Atm |
20 | JSC «D.V. Sokolsky Institute of Fuel, Catalysis and Electrochemistry» |
21 | Academy of Civil Aviation |
22 | Adgreen |
23 | “KazAsiaGroup” ЖШС |
24 | RDI Ventures |
25 | AliSM |
26 | Tapqan Tech LLP |
27 | BluOcean |
28 | AuaLine |
29 | Food Waste LLP |
30 | AgroSky |
31 | MIYA Otbasylyq ferma |
32 | Nexonergy |
33 | Shymkent University |
34 | Kazrecycling |
35 | GreenEco |
36 | Abicom |
37 | HelioDrive |
38 | EcoWise |
39 | Star Times Group LLP |
40 | MossWave |
41 | Cleantech Forge |
42 | Dala Ecos Technology |
43 | NIS 777 URA |
44 | LLP “Global InvestProjects” |
45 | Jasyl Dala |
46 | ARSAN Power |
47 | Greengineers |
48 | ECO NRG |
49 | Recycle Me |
50 | LLP MerNurInvest |
51 | QazEcoRec (QER) |