Мониторинг, аналитика және КЭР басқармасының бас менеджері

  1. Лауазым туралы ақпарат
1 Лауазымның атауы: Мониторинг, аналитика және КЭР басқармасының бас менеджері
2 Құрылымдық бөлімше Ең үздік қолжетімді техникалар бюросы
3 Функционалдық міндеттері 1) ЕҚТ анықтамалықтарын қолдану мониторингін жүргізу, ЕҚТ енгізу дәрежесін және енгізілген ЕҚТ-ның нәтижесінде қол жеткізілген нәтижені талдау;

2) әлемде жаңа ЕҚТ пайда болуы тұрғысынан аралық талдау жүргізу;

3) ЕҚТБ құзыреті шегінде ең үздік қолжетімді техникалар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;

4) ЕҚТ анықтамалықтарының өзектілігі мен нәтижелілігіне талдау жүргізу;

5) ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды талдау, іздеу және әлеуетті тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу процесін жүзеге асыру;

6) ЕҚТ анықтамалықтарын қайта қарау, ЕҚТ анықтамалықтарын өзектілендіру қажеттілігі бойынша ұсынымдар дайындау;

7) ЕҚТ бойынша анықтамалықтың тиімділігіне талдау жүргізу (салыстыру, ЕҚТ бойынша анықтамалықтың тиімділігіне талдау жүргізу (эмиссияларды (шығарындыларды, төгінділерді, қалдықтарды) және ресурс сыйымдылығын қысқарту) ЕҚТ бойынша анықтамалықты енгізудің ықтимал артықшылықтарын салыстыру);

8) ЕҚТанықтамалықтары басқармасымен бірлесіп перспективалық ЕҚТ анықтамалықтарын әзірлеу кестесін қалыптастыру;

9) ЭЫДҰ елдерінің КЭР беру жөніндегі тәжірибесін зерделеу;

10) кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінімнің құжаттамасын әзірлеу және сараптамалық сүйемелдеу;

11) МАжКЭРБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органға презентациялық және талдамалық материал дайындау;

12) МАжКЭРБ жобасы басшысы/басшысын дәлелді себеппен жұмыста болмаған кезеңде оның міндетін атқару;

13) функционалдық құзыреттілік бөлігінде ЕҚТБ стратегиялық құжаттарын (ХЖТИЖО Даму стратегиясы, жоспарлы жылға арналған даму жоспары, жоспарлы жылға арналған ББ 044 іске асыру жөніндегі жол картасы) әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;

14) ІНҚ-ға және Қоғамның басшылығының және құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау.

 

  1. Үміткерлерге қойылатын талаптар
1 Білім деңгейі/бейіні Жаратылыстану ғылымдары (экология)/ ауыл шаруашылығы ғылымдары/ техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық/ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

 

2 Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы) Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

(экология саласындағы, Қоғамның бейініне сәйкес келетін институттардағы және/немесе мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымның функционалдық бағыттары бойынша).

3 Қосымша талаптар Қоршаған ортаны қорғау, эко-аудит, эко-менеджмент саласында сертификаты болғаны құпталады.
4 Білімі, тәжірибесі және негізгі дағдылары 1) Қоршаған ортаны қорғау, техникалық реттеу саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындайтын салалық заңнаманы білу;

2) қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын білу;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық және салық заңнамасын білу;

4) ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;

5) стратегияларды, саясаттарды, тұжырымдамаларды және салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру дағдылары;

6) қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

7) компаниялардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған саладағы қызметін экономикалық ынталандыру шараларын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

8) үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу, талдау және ұсыныстар әзірлеу дағдылары;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары;

10) шарттық жұмысты жүргізу дағдылары;

11) Талдамалық дағдылар, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық / салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары;

12) Қазақстан Республикасының стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білу;

13) корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

14) тұрақты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу.

5 Жеке қасиеттері Кең ауқымды мүдделі тараптармен жұмыс істеу дағдысы;

Келіссөздер жүргізе білу, консенсусқа қол жеткізе білу;

Коммуникациялық және презентациялық дағдылар (көпшілік алдында сөйлеу, сұхбат, жариялау тәжірибесі).

6 Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қай тілді білетінін көрсету) Орыс, қазақ тілдерін білу. Ағылшын тілін “Intermediate” деңгейінен төмен емес деңгейді білу (жақсырақ)
7 Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі): MS Office бағдарламаларының жетік меңгерген;

заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары бар.

– Өтінімдерді қабылдау: 2025 жылғы 23-29 шілде аралығында

– Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде бере алады hr@igtipc.org., сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-99-21 телефоны бойынша хабарласуға болады