Маркетинг және PR қызметінің Бас менеджері

 

  1. Лауазым туралы ақпарат
1 Лауазым атауы: Бас менеджер
2 Құрылымдық бөлімше: Маркетинг және PR қызметі
3 Функционалдық міндеттері: Маркетингтік стратегия және жоспарлау

· Қоғамның маркетингтік стратегиясын әзірлеу және іске асыру.

· Нысаналы сегменттерді анықтау және Қоғам қызметтерінің позициялануын белгілеу.

· Маркетингтік жоспарды дайындау және қорғау, оның орындалуын бақылау.

Қызметтерді ілгерілету

· Қоғам қызметтерін ілгерілету бойынша кешенді маркетингтік науқандарды әзірлеу (digital, офлайн, PR).

· Жарнамалық және коммуникациялық іс-шараларды ұйымдастыру, көрмелерге, конференцияларға және салалық форумдарға қатысу.

· Ықтимал клиенттер мен инвесторларға арналған таныстырылым материалдарын дайындау.

Талдау және зерттеулер

· Нарықты, бәсекелестік ортаны және мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін талдау.

· Басшылыққа аналитикалық есептер мен ұсынымдар дайындау.

· Коммерциялық қызметтерді жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.

Сату және клиенттермен жұмыс

· Сату стратегиясын әзірлеу және іске асыруға қатысу.

· Ықтимал клиенттерді іздеу және байланыс орнату, клиенттік базаны қалыптастыру.

· Келіссөздер жүргізу, коммерциялық ұсыныстар дайындау, шарттарға қол қоюға қатысу.

Digital және коммуникациялар

· Корпоративтік сайт пен әлеуметтік желілерді басқару, қызметтерді цифрлық арналар арқылы ілгерілету.

· Маркетингтік және PR-материалдар әзірлеу (презентациялар, буклеттер, кейстер, жарнамалық мәтіндер).

· Digital-арналардың және жарнамалық науқандардың тиімділігін бақылау.

Аналитика және есептілік

· Маркетингтік науқандардың және жарнамалық бюджеттердің тиімділігін бағалау.

· Жұмыс нәтижелері бойынша есептілік дайындау (ROI, KPI).

· Маркетингтік шығындарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу.

 

  1. Үміткерлерге қойылатын талаптар
1 Білім деңгейі/профиль: Маркетинг, менеджмент, экономика немесе ұқсас мамандықтар бойынша жоғары білім.
2 Кәсіби тәжірибесі: Кемінде 3 жыл кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі.
(Мемлекеттік басқару органдарында немесе институттарда жұмыс тәжірибесі болғаны жөн).
3 Қосымша талаптар: ·  Маркетингтік стратегияларды әзірлеу және қызметтерді/өнімдерді нарыққа шығару тәжірибесі.

·  Келіссөздер жүргізу және презентация өткізу дағдылары.

·  Digital-маркетинг құралдарын білу (SEO, SMM, контекстік жарнама, e-mail маркетинг).

4 Білім, тәжірибе және негізгі дағдылар: ·  Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ақпарат және сатып алулар саласындағы қызметті реттейтін заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері;

·  ҚР-ның БАҚ және зияткерлік меншік туралы заңнамасы;

·  Ішкі еңбек тәртібі ережелері, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;

·  Қоғамдық пікір қалыптастыру және беделді түзету тәжірибесі; ашық және имидждік іс-шараларды (семинарлар, брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру;

·  Халықаралық және аймақтық конференциялар, форумдар, салалық көрмелер, шығармашылық байқауларды ұйымдастыру тәжірибесі;

·  Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қалыптастыру және орындау тәжірибесі; ақпараттық баспа және электронды материалдарды (буклеттер, брошюралар, флаерлер, әдістемелік құралдар, инфографика, пайдалы кеңестер) әзірлеу;

·  Жобалық басқару дағдылары, портфельді қалыптастыру және іске асыру;

·  Big Data-мен жұмыс, талдау және ұсынымдар жасау дағдылары;

·  Іскерлік процестерді құру тәжірибесі;

·  Ағылшын тілін білуі құпталады;

·  MS Office бағдарламаларын сенімді қолданушы;

·  Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары.

5 Жеке қасиеттері: ·  Кең ауқымды мүдделі тараптармен жұмыс істей білу;

·  Келіссөздер жүргізу, консенсусқа қол жеткізу қабілеті;

·  Коммуникациялық және презентациялық дағдылар (қоғам алдында сөз сөйлеу, сұхбаттар, жарияланымдар тәжірибесі).

6 Тілдерді меңгеру деңгейі: Қазақ және орыс тілдерін білу. Ағылшын тілі – Intermediate деңгейінен төмен емес (қалаулы).
7 Компьютерлік дағдылар: · MS Office бағдарламаларын сенімді меңгеру;

· Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі.

– Өтінімдерді қабылдау: 2025 жылғы 22-26 тамыз аралығында

– Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде бере алады hr@igtipc.org., сұрақтар бойынша

8 (7172) 79-99-21 телефоны бойынша хабарласуға болады