Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) Green Technology Bank-тің Үздік кооперативтік мекеме сертификатын иеленді. Бұл жөнінде Шанхайда Pujiang Innovation Forum құрамында өткен 2025 Green and Low-carbon Innovation Forum халықаралық форумы барысында жарияланды.
Сертификатқа сәйкес ХЖТИЖО жанындағы ЕҚТ бюросы ең үздік қолжетімді техникалар қағидаттарын әзірлеумен және енгізумен айналысатын Green Technology Bank-тың Орталық Азия өңіріндегі уәкілетті мекемесі және серіктесі болып танылды.
Панельдік сессия барысында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарушы директоры – Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының басшысы Қайрат Мәсенов «Қазақстан Республикасының Ең үздік қолжетімді техникаға көшуі» тақырыбында баяндама жасап, өнеркәсіп секторын экологиялық орнықты дамыту саласындағы қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді.
Осы сертификат халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, жасыл технологияларға инвестициялар тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және Орталық Азиядағы тұрақты және төмен көміртекті экономикаға көшудің негізгі драйверлерінің бірі ретінде ХЖТИЖО-ның мәртебесін бекітеді.