Экология министрлігі Қазақстанда экологиялық мониторинг инфрақұрылымын дамытып жатыр

Экология министрлігі Қазақстанда экологиялық мониторинг инфрақұрылымын дамытып жатыр

АстанаҚазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Еран Нысанбаевтың экологиялық мониторинг саласындағы шешімдерге маманданған қытайлық lihero компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуді Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (МЗТИП) ұйымдастырды, Орталықтың өкілдері бұған дейін Қытайға жұмыс сапары барысында Lihero компаниясының экологиялық мониторингке арналған жабдықтар шығаратын зауытына барған. Тараптар Қазақстандағы қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған әріптестікті дамытуға уағдаласты.

Lihero компаниясы нарықта 28 жылдан бері жұмыс істейді және ҚХР Ұлттық экологиялық мониторинг жүйесін әзірлеуші болып табылады. Кездесуде компания өкілдері өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, өз шешімдерін Қазақстанның қажеттіліктеріне бейімдеуге қызығушылық білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар қоршаған орта мониторингінің көп деңгейлі жүйесін құру жөніндегі жол картасын әзірлеу қажет деп шешті. Жоспар заманауи цифрлық құралдарды енгізу, мамандарды оқыту және ұлттық деңгейде экологиялық мониторинг инфрақұрылымын құру жөніндегі кезеңдерді қамтитын болады.

Министр Ерлан Нысанбаев ауаның, судың және топырақтың жоғары дәлдіктегі мониторингінің маңыздылығын, сондай-ақ экологиялық бақылау процестерін жүйелі түрде цифрландыру қажеттігін атап өтті. Lihero-мен әлеуетті ынтымақтастық елдің технологиялық әлеуетін және «жасыл» шешімдер саласындағы халықаралық байланыстарды нығайта отырып, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму саласына серпіліс береді.