Астана, 2025 жылғы қазан – Швейцария 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит көрмесінде елдік павильон ашуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) Швейцарияның Қазақстандағы Елшілігінің делегациясымен тұрақты даму, су дипломатиясы және «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған кездесуі барысында мәлімденді.
Швейцариялық тарапты Швейцарияның Қапзақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салман Бал басқарып келді. IGTIC атынан кездесуге Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов, сондай-ақ Орталықтың департамент және жоба басшылары қатысты.
Тараптар Қазақстан Президентінің бастамасымен Астанада өтетін 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит қарсаңындағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады. Швейцарияның Халықаралық жасыл технологиялар көрмесіне қатысу мүмкіндігіне баса назар аударылды, бұл көрме саммиттің негізгі оқиғасы болады және 17 мың шаршы метрден астам көрме алаңында 160-тан астам компания бас қосады.
Кездесу барысында швейцариялық тарап Швейцария Даму және ынтымақтастық агенттігі іске асырып жатқан «Blue Peace Central Asia (BPCA) – Фаза 2.0 (2025–2029 гг.) өңірлік бастамасын ұсынды. Жоба Орталық Азия елдері арасындағы су ресурстарын бірлесіп басқару саласындағы диалогты нығайтуға және тұрақты даму мен сенім қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.
Сондай-ақ 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада саммит шеңберінде өткізу жоспарланған «Swiss Water Days: Water & Glaciers» тұжырымдамасы да ұсынылды. Жобада су дипломатиясы мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар, заманауи эко-арт көрмесі және швейцариялық компаниялардың су және таза технология саласындағы инновацияларықамтылған.
IGTIC Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов ОрталықтыңҚазақстанда ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу, «Жасыл» жобалар тізілімін жүргізуден бастап Жаһандық климаттық қор мен ЮНИДО-ның халықаралық бағдарламаларын іске асыруға дейін жасыл трансформацияны ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру және 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит пен көрмеге швейцариялық әріптестердің қатысуы бойынша диалогты жалғастыруға келісті. Швейцария Елшілігінің сапары Қазақстан мен Швейцария арасындағы «жасыл» инновациялар, тұрақты су пайдалану және климаттық күн тәртібі саласындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болды. IGTIC экологиялық мониторинг саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде.