Бангкок, 2025 жылғы 28 қазан – Бүгін Еуропалық одақтың тұрақты тұтыну және өндіріс мәселелері жөніндегі негізгі Өңірлік платформасы – 7-ші жыл сайынғы Switch-Asia бағдарламасының кездесуі өтті. Іс-шараның басты тақырыбы Азия елдеріндегі айналымды экономика тәжірибелерін кеңейту және EU Global Gateway бастамасының қолдауымен саясат, инвестициялар және нақты практика арасында тиімді тетіктер құру болды.
“Scaling Up the Circular Economy in Asia: Bridging Policy, Practice, and Investments through the EU Global Gateway” сессиясының шақырылған сипкерлері қатарында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО IGTIC) басқарушы директоры Асылхан Айтжанов сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол мемлекеттік саясаттың, жергілікті жағдайлар мен бизнес-практиканың нақты өзара іс-қимылынсыз тұрақты даму мүмкін еместігін атап өтті.
«Айналмды экономика бизнестің жергілікті ерекшелігі мен қажеттіліктерін ескеруді талап етеді – табысты халықаралық шешімдерді бейімдеу ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескере отырып, саясатты әзірлеу процесіне шағын және орта бизнесті, кәсіби қауымдастықтарды тарту да маңызды», – деп атап өтті Айтжанов.
Қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, ХЖТИЖО басқарушы директоры аралас қаржыландыру тетігін (blended finance) «жасыл» жобаларды кеңейтудің негізгі құралдарының бірі ретінде баса атап көрсетті. Мұндай тәсіл экологиялық бастамалардың орнықтылығы мен ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің, халықаралық қаржы институттарының және жеке инвесторлардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның SWITCH-Asia-ға қатысуы елдің ЕО-мен серіктестікті нығайтуға және орнықты даму, өндірістік модельдер мен климаттық жауапкершілікті трансформациялау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын көрсетеді.
