Астанада өңірлерден келген 20 стартап жасыл технологияларды дамыту үшін 15 млн теңгеге жарысады

Астанада өңірлерден келген 20 стартап жасыл технологияларды дамыту үшін 15 млн теңгеге жарысады

Астанада «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (Орталық) Біріккен Ұлттар Ұйымымен (ЮНИДО) бірлесіп іске асырып жатқан GCIP-Kazakhstan 2025 акселерациялық бағдарламасының финал алдындағы кезеңі өтіп жатыр. 2025 жылы бағдарламаға деген қызығушылық рекордтық деңгейге жетті: қатысуға 350 өтінім келіп түсті. Көп сатылы іріктеуден кейін 50-ге жуық стартап бағдарламаның нұсқамалық оқыту модулі – Ұлттық академияға қатысты.

Акселерация қорытындысы бойынша ұлттық конкурстың жартылай финалына 36 команда өтті, оның ішінде ел өңірлерінен келген 20 стартап финалға дейінгі кезеңде жұмысын жалғастырып жатыр. Бұдан әрі 10 финалист анықталады, ал үздік үш команда 5 миллион теңгеден ақшалай сыйлықақы алып, жалпы жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайды.

Финалға дейінгі кезең ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен кәсіби бағалауды, шеберлік сыныптарын және жартылай финалдық секцияларды қамтиды. Стартаптар қаржылық сауаттылық, инвесторлармен өзара іс-қимыл, медиамен байланыс саласындағы құзыреттерді күшейтеді, сондай-ақ экологиялық технологияларды дамыту және нарыққа шығу үшін қажетті басқа да практикалық дағдыларға машықтанады. Алаңда кәсіби фото-және бейнетүсірілім жүргізіледі, оның шеңберінде командалар, олардың әзірлемелері және акселерациялық бағдарлама ішіндегі прогресс туралы қысқа шағын сериал әзірленеді.

Орталықтың Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов бастаманың маңыздылығын атап өтті:
«GCIP-Kazakhstan елімізде талант пен технология экологиялық таза шешімдерге деген шынайы сұраныспен тоғысатын орта қалыптастырады. Біз стартаптардың жаңа деңгейге көтеріліп, сарапшылар мен инвесторларға қол жеткізгенін, олардың идеялары жасыл өсудің практикалық құралдарына айналғанын көріп отырмыз. Мұндай жобаларды қолдау   Қазақстанның тұрақты экономикасына және экологиялық инновациялардың жаңа буынын қалыптастыруға қосылған үлес».

GCIP-Kazakhstan 2025 финалдық кезеңі 4 желтоқсанда – жасыл технологиялар трендтерін талқылау, экологиялық кәсіпкерлікті дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу үшін жыл сайынғы негізгі алаң – Ұлттық Cleantech форумы шеңберінде өтеді.