IGTIC пен ЕҰУ PR бағытындағы үздік түлектер қатарынан РЭС-2026 баспасөз орталығы-ның негізін қалау туралы уағдаласты

IGTIC пен ЕҰУ PR бағытындағы үздік түлектер қатарынан РЭС-2026 баспасөз орталығы-ның негізін қалау туралы уағдаласты

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов «Журналистика және саясаттану» факультетінің, телерадио және жұртшылықпен байланыс кафедрасының 4-курс студенттерімен кездесуге қатысты. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда медиа және коммуникациялық саланың болашақ мамандары ұлттық компаниялардың басшыларымен және саланың тәжірибелі сарапшыларымен тікелей пікірлесу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шарада: «Qazсontent» АҚ Басқарма Төрағасы Айна Задабек және GCIP Kazakhstan бағдарламасының PR-менеджері Асель Ғаббасова спикер ретінде сөз сөйледі. Спикерлер студенттерге саладағы PR-мамандардың қызметі, заманауи технология, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы стратегиялық коммуникациялар, сондай-ақ нақты сын-қатерлер мен кәсіптің мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Кездесу барысында Сәкен Қалқаманов 2026 жылғы сәуірде өңірлік экологиялық саммит өткізілетінін жариялап, іс-шара тәжірибе алмасу, экологиялық бастамаларды таныстыру және жастарды тұрақты жобаларға тарту үшін маңызды алаң болатынын атап өтті. Ол жасыл күн тәртібін ілгерілетудегі медианың рөлі өте маңызды екенін, жас журналистердің мұндай оқиғаларға қатысуы олардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Кездесудің тағы бір қорытындысы 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитте баспасөз орталығының ядросы Еуразия ұлттық университетінің PR бағытының үздік түлектерінен құрылатыны туралы уағдаластық болды. Мұндай шешім жас мамандарды нақты жағдайларда практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бере отырып, ірі халықаралық іс-шарамен жұмыс істеуге тартуға мүмкіндік береді.

Студенттер халықаралық БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау, тиімді баспасөз хабарламаларын дайындау, жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және жедел коммуникациялық орта жағдайында жұмыс істеу дағдыларын меңгере алады.

«Пиаршы» клубының мүшесі болып табылатын IGTIC Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов болашақ коммуникаторларды кәсіби даярлауда теория мен практиканы біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Ол ЕҰУ студенттері үшін тұрақты қонақ дәрістер өткізу бастамасын қолдап, практикалық коммуникациялық база саланың мықты мамандарын қалыптастырудың кілті болып табылатынын атап өтті.

Студенттер заманауи PR-индустрияда сұранысқа ие болып отырған мансаптық перспективалар, дағдылар туралы сұрақтар қойып, мемлекеттік және квазимемлекеттік компанияларда тәжірибеден өтуге ниет білдірді. Спикерлер бұл бастаманы қолдап, коммуникация саласына жас мамандарды тарту қажеттігін атап өтті. Кездесу бейресми қарым-қатынаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар Қазақстандағы журналистика, PR және экологикалық тақырыптардың даму трендтерін талқылады.