Жобалық менеджер – қаржылық консультант

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ
«Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасы: Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын құру мақсатында ШОБ-та таза технологиялар саласындағы инновациялар мен кәсіпкерлікті ілгерілету» жобасы аясында жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін келесі маманды тарту туралы хабарлайды:

1) Жобалық менеджер – қаржылық консультант

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 05 қаңтардан 12 қаңтарға дейін (қоса алғанда).

Біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін тиісті сілтемелер арқылы өту қажет.

Қызығушылық танытқан жағдайда жеке куәліктің көшірмесін, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жеке куәлік, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болған жағдайда), қосымша мәліметтер), өтініш берілетін лауазымды көрсете отырып, келесі электрондық пошта мекенжайларына жолдауыңызды сұраймыз: hr@igtipc.orgd.suleimenov@igtipc.org

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім шарт жобасы