2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада Орталық Азияның климаттық және экологиялық сын-қатерлер бойынша келісілген шешімдерді әзірлеуге арналған негізгі халықаралық платформасы – Өңірлік экологиялық саммиті-2026 өтеді. Саммитте климаттық ауысу, экологиялық және табиғи тәуекелдерге бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігі, табиғи ресурстарды тұрақты басқару, атмосфералық ауаның ластануымен күрес, қалдықтарды басқару және экологиялық және цифрлық құзыреттерді дамыту мәселелері бойынша тұрақты диалогты қалыптастыру үшін өңірдегі елдер бас қосады. Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру, Каспий теңізінің деңгейін төмендету, жасыл қаржыландыруды дамыту және төменгі көміртекті технологияларды енгізу сияқты мәселелерге баса назар аударылмақ.
Саммит жұмысына Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, даму институттарының, ғылыми қоғамдастықтың, бизнес пен азаматтық қоғамның өкілдері қатысады. 1500-ге жуық ресми делегат қатысады деп жобаланып отыр.
Саммит аясында RES 2026 EXPO жасыл технологиялар мен орнықты шешімдер халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Көрмеге әлемнің 30-дан астам елінен 20 000-нан астам адам, 300-ден астам компания қатысады.
RES 2026 EXPO қолданбалы шешімдер кеңістігі ретінде қалыптастырылып отыр, онда орнықты даму абстрактілік тұжырымдама ретінде емес, нақты жобалардың, серіктестіктердің және инвестициялық тетіктердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Көрме бизнесті, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамды бір алаңда біріктіріп, стратегиялық пікірлерден іс жүзіне асыруға көшуге жағдай жасайды.
«RES 2026 EXPO өткізу Қазақстанның экологиялық трансформацияға, тұрақты дамуға және белсенді халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған стратегиялық бағытын айғақтайды. Халықаралық көрме инновациялық жасыл технологияларды көрсету және практикалық тәжірибе алмасу үшін бірегей алаңға айналады. Бұл іс-шара – бизнес пен мемлекет үшін серіктестікті нығайтуға, инвестицияларды тартуға және өңірдің экологиялық жауапты экономикасының негізін қалауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Өз кезегінде, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов көрмеге халықаралық қатысушылар жоғары қызығушылық танытып жатқанын атап өтті:
«Көрме Саммиттің диалог пен бірлескен іс-қимылдар үшін практикалық платформасына айналады, онда саяси уағдаластықтар өңірде жасыл технологияларды орнықты дамыту мен енгізуге бағытталған нақты бизнес-шешімдерге ауысады. RES 2026 EXPO шеңберінде экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту және технологиялар трансферті үшін жобаларды ұсыну жоспарланып отыр. Көрмеге Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Қытай, сондай-ақ Еуропа елдерінің – Испания, Франция, Швейцария, Германияның ресми делегациялары мен компаниялары қатысатыны расталды. Экспозициялық және презентациялық аймақтардың жалпы ауданы 20 000 м² астам және көрме залы – 12 000 м² құрайды. RES 2026 EXPO көрме залы инвестицияларды тарту, серіктестікті дамыту және жасыл экономика саласындағы мемлекетаралық диалогты нығайту үшін негізгі халықаралық платформа ретінде әзірленіп отыр».
RES 2026 EXPO мемлекеттік сектор үшін бизнеспен ашық әрі мағыналы диалог құруға, экологиялық және экономикалық саясаттың басымдықтарын ұсынуға және ұлттық және өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін әріптестер табуға мүмкіндік береді. Бизнеске – реттеуіштерге, инвесторларға және халықаралық нарықтарға тікелей қол жеткізуге, ESG және тұрақты даму талаптарына сәйкес келетін технологиялар мен шешімдерді таныстыруға мүмкіндік береді. Қоғам үшін – процестердің ашық болуына және экологиялық күн тәртібінің қалай қалыптасатынын және онда әрбір қатысушының қандай рөл атқаратынын түсінуге жол ашады.
Қазіргі уақытта компаниялар мен ұйымдар үшін көрме стендтерін және қатысу форматтарын брондау ашылды.
RES 2026 туралы ақпарат https://res2026.kz/ сайтында.
RES 2026 EXPO халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері бойынша байланыс деректері: partnership@res2026expo.kz
