- Кадрларға қажеттілік туралы өтінім
| 1 | Лауазым атауы: | Жетекші менеджер |
| 2 | Құрылымдық бөлімше | Цифрландыру қызметі |
| 3 | Функционалдық міндеттері | 1) ұйымды цифрландыру стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) цифрлық трансформация жобаларын басқаруға қатысу; 3) Қоғамның веб‑ресурстары мен ақпараттық жүйелерін әзірлеу және сүйемелдеу; 4) HTML, CSS, JavaScript, PHP, C#, C++ тілдерін пайдаланып бағдарламалық шешімдерді әзірлеу; 5) серверлік және желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру; 6) ақпараттық жүйелер мен компьютерлік техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; 7) ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру (Documentolog, E‑Otinish және т.б.); 8) интернет‑ресурстарды техникалық сүйемелдеу; 9) техникалық тапсырмалар мен жобалық құжаттамаларды әзірлеу; 10) ІТ саласындағы мемлекеттік сатып алуларға техникалық спецификация дайындау; 11) компьютерлік техника мен желілік жабдықтардың есебін жүргізу; 12) ІКТ инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру; 13) цифрлық платформалар мен порталдарды дамыту; 14) корпоративтік сайтты әкімшілендіру және контент жүргізу; 15) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 16) ІТ инфрақұрылымдағы ақауларды анықтау және жою; 17) ІТ жеткізушілермен және мердігерлермен жұмыс; 18) ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу; 19) қызметкерлерге ІТ жүйелерді пайдалану бойынша кеңес беру; 20) Цифрландыру қызметі басшысының тапсырмаларын орындау. |
- Требования к кандидатам
| 1 | Білім деңгейі | Ақпараттық технологиялар немесе бағдарламалық инженерия саласында жоғары білім |
| 2 | Жұмыс тәжірибесі | Ақпараттық‑коммуникациялық технологиялар саласында кемінде 3 жыл |
| 3 | Қосымша талаптар | Agile, Scrum, PMP және басқа жобаларды басқару сертификаттары құпталады |
| 4 | Білім, тәжірибе және негізгі дағдылар | 1) Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік жоспарлау жүйесі және жасыл технологиялар салаларын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу жүйелерін жобалау әдістерін, есептеу техникасы құралдарын, ақпаратты жинау, беру және өңдеу құралдарын және оларды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын, жұмыс бағдарламаларын, нұсқаулықтарды, макеттерді және есептеу операцияларын орындау тәртібі мен техникасын айқындайтын басқа да әдістемелік материалдарды білу; 3) мемлекеттік және корпоративтік ІТ-инфрақұрылымын, стандарттары мен регламенттерін білу; 4) стратегиялық басқару, бизнес-жоспарлау және жобаларды басқару процестерін білу; 5) корпоративтік басқару қағидаттарын білу; 6) тұрақты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу; 7) цифрлық технологиялар және стратегиялық басқару саласындағы заманауи үрдістер мен үздік тәжірибелерді түсіну және оларды ұйымның ағымдағы және болашақ жобаларына бейімдеу қабілеті; 8) бағдарламалау тілдерін білу: HTML, CSS, JavaScript, PHP, C#, C++; 9) жоспарлау құралдарын білу (MS Project және т.б.); 10) операциялық жүйелерді білу: Windows Server, Linux; 11) деректер қорларын басқару жүйелерін білу: MS SQL, MySQL; 12) заманауи web-фреймворктермен және кітапханалармен жұмыс тәжірибесі (Laravel, Symfony, ASP.NET, React, Vue, Angular, Bootstrap және т.б.). |
| 5 | Жеке қасиеттер | Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, коммуникациялық дағдылар |
| 6 | Тілдерді білу | Қазақ және орыс тілдері міндетті, ағылшын тілі құпталады |
| 7 | Компьютерлік дағдылар | MS Office бағдарламаларын сенімді пайдалану |