120-дан астам қытайлық компания RES 2026 EXPO халықаралық жасыл технологиялар көрмесіне қызығушылық танытты

120-дан астам қытайлық компания RES 2026 EXPO халықаралық жасыл технологиялар көрмесіне қызығушылық танытты

Қазақстанда өтетін RES 2026 EXPO халықаралық жасыл технологиялар және тұрақты шешімдер көрмесіне шетелдік бизнестің қызығушылығы артып келеді. Көрмеге дайындық аясында Қытай компанияларына арналған арнайы онлайн-вебинар ұйымдастырылып, онда Орталық Азия нарығында технологиялық шешімдерді таныстыру және көрмеге қатысу мүмкіндіктері таныстырылды.

Вебинар Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету комитетінің (CCPIT) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі мен Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлерінің бас қауымдастығының қолдауымен өтті. Іс-шараға Қытай Халық Республикасынан 120-дан астам компания қатысып, жасыл экономиканың түрлі салаларын ұсынды. Олардың қатарында жаңартылатын энергия көздері, су технологиялары, қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық инфрақұрылым, климаттық шешімдер және тұрақты қалалық технологиялар бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар бар.

Вебинарға сондай-ақ Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету комитетінің (CCPIT) өкілдері қатысты. Олардың қатарында Шэньси провинциясынан, Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданынан келген делегациялар және CCPIT-тің Қазақстандағы өкілдігі болды.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар RES 2026 EXPO халықаралық көрмесін таныстырып, экспозицияның негізгі тақырыптық бағыттары, іскерлік бағдарлама және шетелдік компаниялар үшін қарастырылған мүмкіндіктер туралы айтты. Атап айтқанда, қатысушылар өз технологияларын таныстырып қана қоймай, мемлекеттік құрылымдармен, инвесторлармен және өңірдегі өнеркәсіптік компаниялармен B2B және B2G форматындағы кездесулер өткізе алады.

RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді. Іс-шара Орталық Азияның өңірлік экологиялық саммиті – РЭС-2026 аясында ұйымдастырылады.

Көрмеге 30 елден 300-ден астам компания, 1500-ден астам делегат және 20 мыңнан астам келуші қатысады деп күтілуде. Іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, инвесторлардың, бизнес өкілдерінің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың басын қосатын маңызды халықаралық алаңға айналмақ.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Ұйымдастыруға Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) қолдау көрсетеді. Көрменің операторы -«BusinessFirst» ЖШС.

RES 2026 туралы толық ақпарат: https://res2026.kz/

Халықаралық RES 2026 EXPO көрмесіне қатысу мәселелері бойынша: partnership@res2026expo.kz

БАҚ үшін байланыс:

Жансұлу Садыкова , pr@res2026expo.kz , +7 777 6454635

Меруерт Шукуеваm.shukuyeva@igtipc.org +7 705 129 58 11