IGTIC қызметкерлері ЕҚТ және ESG-тәсілдері бойынша семинарға қатысты

IGTIC қызметкерлері ЕҚТ және ESG-тәсілдері бойынша семинарға қатысты

Астана, 2025 жылғы 19 желтосқанда IGTIC қызметкерлері әкімдіктер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне арналған «ЕҚТ және ESG-тәсілдер негіздері» атты онлайн-семинарға қатысты. Іс-шара Үкіметтік сағаттың қорытындысы бойынша Қазақстанның Экология кодексін іске асыру тақырыбында «жасыл» инвестицияларды тартуды ынталандыру және өнеркәсіп секторында ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҚТ) қолдану практикасын кеңейту бөлігінде айтылған ұсынымдарды орындауға бағытталған.

Семинардың негізгі міндеті ЕҚТ енгізу, салалық анықтамалықтарды пайдалану, қоршаған ортаға әсер етудің рұқсат етілген деңгейлерін сақтау, сондай-ақ бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттырудағы ESG-тәсілдерінің рөлі туралы қатысушыларды ақпараттандыру деңгейін арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар Экология кодексінің негізгі қағидаттарын, өндірісті жаңғырту бойынша практикалық құралдарды, экологиялық стандарттардың талаптарын және кәсіпорындардың тұрақтылығын бағалаудың заманауи тәсілдерін қарастырды.

Өткізілген семинар әкімдіктер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар мамандарының Экология кодексінің ережелерін іс жүзінде іске асыру мәселелеріндегі құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың «жасыл» инвестицияларды тартуға және ESG-тәсілдерді енгізуге қызығушылығын арттырады, бұл қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендетуге және экологиялық стандарттарды сақтауға ықпал етеді.