IGTIC Қазақстанда қалдықтарды басқаруды жаңғырту үшін үздік неміс тәжірибесін зерттеді

IGTIC Қазақстанда қалдықтарды басқаруды жаңғырту үшін үздік неміс тәжірибесін зерттеді

IGTIC халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде: Германияның жетекші экокомпанияларының тәжірибесі зерттелді 

Германия – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) қызметкерлері қалдықтарды басқару саласында ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҚТ) енгізудің озық тәжірибесін, ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанда осы шешімдерді одан әрі қолдану үшін жетекші неміс ұйымдарымен әріптестік орнату тетіктерін зерделеді. 

Германияға жұмыс сапары барысында igtic мамандары қалдықтармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін қамтитын саланың негізгі кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Ecowest кәсіпорнында қатты коммуналдық қалдықтарды өңдеудің заманауи жүйесі ұсынылды. Органикалық қалдықтарды компосттау процестеріне және биогаз өндірісіне ерекше назар аударылды. Lobbe компаниясында қызметкерлер: қабылдау мен қауіпсіз сақтаудан бастап алдын ала дайындыққа және одан әрі кәдеге жаратуға дейінгі сұйық қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын зерттеді.  

Remondis-ке бару қалдықтарды термиялық өңдеу технологияларымен: отынды дайындаумен, жану параметрлерін бақылаумен, түтін газдарын көп сатылы тазартумен және шығарындылар мониторингі жүйесімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы Zweckverband Abfallwirtschaft Westsachsen полигонында делегация қалдық фракциялармен жұмыс істеу әдістерін, инженерлік қорғау жүйелерін, сүзгі мен биогазды жинау тетіктерін, сондай-ақ Германияда қолданылатын кешенді экологиялық мониторингті зерттеді. 

Бағдарламаның жеке блогы Германияның мемлекеттік құрылымдарымен кездесулерге арналды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Федералдық агенттікте (UBA) Дессауда IGTIC қызметкерлері ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды дайындау әдіснамасын, сараптама және келісу тетіктерін, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі секторларында ЕҚТ енгізу тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеді. Берлинде IGTIC қызметкерлері Германияның Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау, ядролық қауіпсіздік және тұтынушыларды қорғау министрліктерінің өкілдерімен кездесті. Тараптар қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты, ЕҚТ-ны енгізуді бақылау құралдарын және Қазақстан мен Германия арасындағы экологиялық реттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. 

Ісапаар барысында зерттелген білім, практикалық байқаулар және сараптамалық консультациялар қалдықтарды басқарудың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру және ЕҚТ бойынша қазақстандық анықтамалықтарды әзірлеу үшін маңызды негіз болады. Германияның тәжірибесі Қазақстанда заманауи, экологиялық қауіпсіз және технологиялық тиімді шешімдерді енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.