RES + EXPO 2026 қарқын алуда: Экология министрі дайындықтың басымдықтарын айқындады

RES + EXPO 2026 қарқын алуда: Экология министрі дайындықтың басымдықтарын айқындады

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) кеңсесіне барып, оған Астана қаласында өтетін Орталық Азияның өңірлік экологиялық саммиті RES + EXPO 2026 көрмесінің тұжырымдамасы таныстырылды.

Серіктестердің қатысуымен өткен жұмыс кеңесі барысында IGTIC басшылығы тұрақты даму, экология, жасыл технологиялар және климаттық күн тәртібі мәселелерін талқылайтын өңірдегі ең ірі халықаралық алаңға айналатын көрменің негізгі бағыттарын таныстырды. Министрге RES + EXPO 2026 көрмесінің мақсаттары мен міндеттері, мемлекеттік органдар, бизнес, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық қоғамдастық үшін қатысу форматтары, сондай-ақ өңірдің экологиялық трансформациясына күтілетін әсерлері ұсынылды.

Кездесудің жеке бөлігі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға және елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы идеялар мен тәсілдерді таныстыруға арналды.

Талқылау барысында көрмені ұйымдастыруға дайындық, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жасыл технологияларға инвестиция тарту, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі негізгі экологиялық сын-қатерлер бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу мәселелері де қамтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Министр RES + EXPO 2026 өткізуге дайындықты жандандыруға, мүдделі тараптар арасындағы үйлестіруді күшейтуге және көрме аясындағы алдағы іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ тараптар көрменің және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, экологиялық күн тәртібін табысты іске асыру және өңірде орнықты дамуды ілгерілету үшін мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестер күш-жігерін біріктірудің маңызын ерекше атап өтті.