Цифрландыру қызметінің жетекші менеджері

  1. Кадрларға қажеттілік туралы өтінім
1 Лауазым атауы: Жетекші менеджер
2 Құрылымдық бөлімше Цифрландыру қызметі
3 Функционалдық міндеттері 1) ұйымды цифрландыру стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) цифрлық трансформация жобаларын басқаруға қатысу;
3) Қоғамның веб‑ресурстары мен ақпараттық жүйелерін әзірлеу және сүйемелдеу;
4) HTML, CSS, JavaScript, PHP, C#, C++ тілдерін пайдаланып бағдарламалық шешімдерді әзірлеу;
5) серверлік және желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру;
6) ақпараттық жүйелер мен компьютерлік техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
7) ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру (Documentolog, E‑Otinish және т.б.);
8) интернет‑ресурстарды техникалық сүйемелдеу;
9) техникалық тапсырмалар мен жобалық құжаттамаларды әзірлеу;
10) ІТ саласындағы мемлекеттік сатып алуларға техникалық спецификация дайындау;
11) компьютерлік техника мен желілік жабдықтардың есебін жүргізу;
12) ІКТ инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;
13) цифрлық платформалар мен порталдарды дамыту;
14) корпоративтік сайтты әкімшілендіру және контент жүргізу;
15) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
16) ІТ инфрақұрылымдағы ақауларды анықтау және жою;
17) ІТ жеткізушілермен және мердігерлермен жұмыс;
18) ІТ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
19) қызметкерлерге ІТ жүйелерді пайдалану бойынша кеңес беру;
20) Цифрландыру қызметі басшысының тапсырмаларын орындау.

 

  1. Требования к кандидатам
1 Білім деңгейі Ақпараттық технологиялар немесе бағдарламалық инженерия саласында жоғары білім
2 Жұмыс тәжірибесі Ақпараттық‑коммуникациялық технологиялар саласында кемінде 3 жыл
3 Қосымша талаптар Agile, Scrum, PMP және басқа жобаларды басқару сертификаттары құпталады
4 Білім, тәжірибе және негізгі дағдылар 1) Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік жоспарлау жүйесі және жасыл технологиялар салаларын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу;

2) ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу жүйелерін жобалау әдістерін, есептеу техникасы құралдарын, ақпаратты жинау, беру және өңдеу құралдарын және оларды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын, жұмыс бағдарламаларын, нұсқаулықтарды, макеттерді және есептеу операцияларын орындау тәртібі мен техникасын айқындайтын басқа да әдістемелік материалдарды білу;

3) мемлекеттік және корпоративтік ІТ-инфрақұрылымын, стандарттары мен регламенттерін білу;

4) стратегиялық басқару, бизнес-жоспарлау және жобаларды басқару процестерін білу;

5) корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

6) тұрақты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу;

7) цифрлық технологиялар және стратегиялық басқару саласындағы заманауи үрдістер мен үздік тәжірибелерді түсіну және оларды ұйымның ағымдағы және болашақ жобаларына бейімдеу қабілеті;

8) бағдарламалау тілдерін білу: HTML, CSS, JavaScript, PHP, C#, C++;

9) жоспарлау құралдарын білу (MS Project және т.б.);

10) операциялық жүйелерді білу: Windows Server, Linux;

11) деректер қорларын басқару жүйелерін білу: MS SQL, MySQL;

12) заманауи web-фреймворктермен және кітапханалармен жұмыс тәжірибесі (Laravel, Symfony, ASP.NET, React, Vue, Angular, Bootstrap және т.б.).

5 Жеке қасиеттер Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, коммуникациялық дағдылар
6 Тілдерді білу Қазақ және орыс тілдері міндетті, ағылшын тілі құпталады
7 Компьютерлік дағдылар MS Office бағдарламаларын сенімді пайдалану