Қытайдың жасыл энергетика саласындағы 15-тен астам жетекші компаниясы RES 2026 EXPO көрмесіне қатысуға қызығушылық білдірді.

Қытайдың жасыл энергетика саласындағы 15-тен астам жетекші компаниясы RES 2026 EXPO көрмесіне қатысуға қызығушылық білдірді.

Қытайдың жасыл энергетика саласындағы 15-тен астам жетекші компаниясы әлемдегі ірі технологиялық инновациялар орталықтарының бірі саналатын Шэньчжэнь қаласында өткен іскерлік келіссөздердің қорытындысы бойынша RES 2026 EXPO көрмесіне қатысуға қызығушылығын білдірді. Жасалған келісімдер Орталық Азия елдерінде инвестициялар тартуға, жасыл технологиялар трансферін жүзеге асыруға және бірлескен жобаларды іске қосуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Шэньчжэнь қаласында инвестициялық қауымдастық өкілдері мен салалық компаниялардың қатысуымен іскерлік дөңгелек үстел өтті. Іс-шара China-Eurasian Business Council (CEBC) қолдауымен жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдерге арналған RES 2026 EXPO көрмесін халықаралық деңгейде ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

B2B-кездесулер барысында тараптар электр көліктері, зарядтау инфрақұрылымын дамыту, энергия сақтау жүйелері, жаңа энергетика саласындағы өнеркәсіптік шешімдерді енгізу және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қатысушыларға 2026 жылғы Өңірлік Экологиялық Саммит және RES 2026 EXPO көрмесінің жасыл экономиканы трансформациялау саласында бизнес, инвесторлар мен мемлекеттік институттарды біріктіретін негізгі халықаралық платформа ретіндегі тұжырымдамасы таныстырылды.

Презентация қорытындысы бойынша 8 қытайлық компания көрмеге қатысуға, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің аумағында инвестициялық және технологиялық жобаларды қарастыруға дайын екендігін растады.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында жасыл энергетика, төмен көміртекті технологиялар және тұрақты инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды қоса алғанда, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Қол жеткізілген келісімдер мен қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жаңа энергетика саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілетуге және RES 2026 EXPO көрмесінің халықаралық қатысу аясын кеңейтуге бағытталған. Бұл Қазақстанның тұрақты экономикаға көшу жөніндегі стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді.

RES 2026 туралы ақпарат https://res2026.kz/ сайтында.

RES 2026 EXPO халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері бойынша байланыс деректері:  partnership@res2026expo.kz