Қазақстандық стартап – GCIP жаһандық байқауының ТОП үштігіне кіріп, Венада халықаралық деңгейде танылды

Қазақстандық стартап – GCIP жаһандық байқауының ТОП үштігіне кіріп, Венада халықаралық деңгейде танылды

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» (IGTIC) қазақстандық стартапы HydroTech – GCIP (Global Cleantech Innovation Programme) бағдарламасының жаһандық финалында ең үздік үштігіне кіріп, Cleantech Days 2026 халықаралық алаңында “Special Recognition: Youth Leadership” арнайы наградасымен марапатталды.

Жобаның негізін қалаушы – климаттық кәсіпкерлердің жаңа буынының өкілі Дана Қадырбек, Жас кәсіпкер ғаламдық платформаларда сөз сөйлеп, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік қайраткерлермен тең дәрежеде технологиялық шешімдерді таныстырып жүр.

HydroTech жобасы күн энергиясын пайдалану арқылы ауадан ауыз су алудың инновациялық технологиясын ұсынады. Шешім су ресурстары тапшы өңірлерде су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және климаттың өзгеруінің негізгі қауіп-қатерлеріне қарсы қоданылады.

Іскерлік бағдарлама аясында Дана Қадырбек Vienna Energy and Climate Forum шеңберінде «Securing the Green Transformation: Resilient Technologies and Infrastructure» пленарлық сессиясында сөз сөйледі, онда министрлер мен халықаралық сарапшыларды қоса алғанда, жоғары лауазымды қатысушылармен бір алаңда өз жобасын таныстырды.

GCIP 2026 жаһандық финалы 7-10 сәуір аралығында Вена қаласында Global Environment Facility (GEF) қолдауымен UNIDO бастамасымен өтті және онда бүкіл әлемнің көшбасшылары, инвесторлары және климаттық технологияларды әзірлеушілер бас қосты.

2026 жылы Қазақстанды халықаралық финалда 51 жобаның ішінен іріктелген үш стартап – GCIP 2025 ұлттық кезеңінің финалистері таныстырды:

HydroTech – ауадан су алу технологиясы, Forest Hero – ормандар мен көміртегі жобалары мониторингінің цифрлық платформасы, SpaceLab – спутниктік технологиялар негізінде ерте хабарлау жүйесі.

HydroTech-тің жаһандық байқаудың ТОП үштігіне шығуы және халықаралық награда алуы қазақстандық әзірлемелердің жоғары әлеуетін растайды және елдің климаттық инновациялар саласындағы ұстанымын күшейтеді.

Қазақстан 2022 жылы GCIP бағдарламасына қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. Отандық стартаптардың жаһандық финалға қатысуы елдің орнықты технологияларды дамытуға, экономиканы декарбонизациялауға және әділ энергетикалық көшуді қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетті.