Қазақстандық стартап Орталық азиядағы Eco Startup Competition Central Asia 2026 байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық стартап Орталық азиядағы Eco Startup Competition Central Asia 2026 байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық AUA Line стартапы RES 2026 EXPO көрмесі аясында өткен Eco Startup Competition Central Asia 2026 халықаралық байқауының Гран-при иегері атанды.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ұйымдастырған байқаудың финалында тұрақты даму, ресурстарды басқару және экологиялық технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынған өңірдің үздік климаттық стартаптары бас қосты.

Байқау қорытындысы бойынша жоғары марапат – Гран-приді Орталық Азияның Климаттық күн тәртібіне әсер етудің жоғары деңгейін, инновациялылығын және әлеуетін көрсеткен – AUA Line (Қазақстан) жобасы алды. Жобаның негізін қалаушы – Иманғалиева Нармина.

Байқаудың жеңімпазы атанған жобалар: Water Watch AI Plus (Қырғызстан) – Абышев Оман, Defuse-IT (Өзбекстан) – Озодов Эзозбек, Sirly (Өзбекстан) – Носиров Ходжиакбар, Organic Living (Өзбекстан) – Пулатова Одинахон мен Ганиева Робиябону.

Байқау аясында мынадай жүлде қоры қарастырылды: Гран-при иегері 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, тағы төрт финалистке 3 миллион теңгеден сыйлық берілді.

Ұсынылған жобалар су ресурстарын басқару мен қалдықтарды азайтудан бастап цифрлық климаттық шешімдерді енгізуге және тұрақты өндірістік модельдерді дамытуға дейінгі “Жасыл” трансформацияның негізгі бағыттарын қамтиды.

Байқау аясында “Климаттық инновацияларды өңірлік дамыту” стратегиялық сессиясы өтті, оған Орталық Азия елдерінің бейінді министрліктерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар cleantech-шешімдерді бірлесіп ілгерілету, Климаттық стартаптар экожүйесін дамыту және өңірлік ынтымақтастықты күшейту перспективаларын талқылады.

Eco Startup Competition Central Asia 2026 – өңірдің тұрақты дамуына және климаттық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қоса алатын инновациялық жобаларды анықтау және қолдау үшін негізгі алаңдардың біріне айналды.

Естеріңізге сала кетейік, RES 2026 EXPO көрмесі Астанада 22-24 сәуір аралығында өтті және Орталық Азияда жасыл технологияларды, инвестициялар мен инновацияларды ілгерілету үшін платформа құра отырып, жетекші компаниялар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар бас қосты.