Қазақстандағы жасыл өсу: ESG, технологиялар мен қаржыландыру бизнес үшін маңызды құралдарға айналуда

Қазақстандағы жасыл өсу: ESG, технологиялар мен қаржыландыру бизнес үшін маңызды құралдарға айналуда

Қазақстанда экологиялық және климаттық шешімдер жекелеген бастамалар санатынан біртіндеп бизнестің дамуы мен инвестиция тартудың практикалық құралдарына айналып келеді. Бұл туралы «Жасыл өсу архитектурасы: ESG қағидаттары, Жасыл технологиялар тізілімі және стейкхолдерлерді қаржыландыру тетіктері» атты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ (IGTIC) «Eurasian GHG Management» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырған практикалық семинар барысында айтылды.

Іс-шараға бизнес өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорындар, инвестициялық және сарапшылық қауымдастықтар, экология және ESG саласының мамандары, сондай-ақ технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар экологиялық және климаттық күн тәртібін кәсіпорындарды жаңғырту, технологияларды дамыту және қаржыландыру тарту бағыттарындағы нақты мүмкіндіктерге қалай айналдыруға болатынын талқылады.

IGTIC сарапшылары заманауи жасыл экономиканың негізгі құралдарын таныстырды. ESG қағидаттарына ерекше назар аударылды. Олар компаниялардың стратегиялық басқару жүйесінің бір бөлігіне айналып, инвестициялық тартымдылығына әсер етуде. Қатысушылар ұзақ мерзімді бизнес стратегияларын қалыптастыру кезінде экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларының рөлін қарастырды.

Негізгі тақырыптардың бірі – Жасыл технологиялар тізілімі болды. Сарапшылар оның кәсіпорындар мен экологиялық шешімдерді әзірлеушілер үшін мүмкіндіктері, сондай-ақ ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда және өндірістің неғұрлым орнықты модельдеріне көшуде технологиялық құралдардың рөлі туралы айтып берді.

Жасыл қаржыландыру тетіктері мен экологиялық және климаттық жобаларды іске асыруға қажетті ресурстарды тарту мүмкіндіктеріне де жеке тоқталды. Қатысушылардың пікірінше, қаржы құралдарына қолжетімділік – жасыл технологияларды ауқымды енгізудің және жекелеген бастамалардан жүйелі жобаларға көшудің негізгі шарттарының бірі.

Сарапшылар жасыл экономиканы дамытудың маңызды факторы ретінде мемлекет, бизнес, инвесторлар, технологиялық компаниялар және сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды атады. Негізгі қатысушылар арасындағы үйлесімді байланыс экологиялық шешімдерді енгізуді жеделдетуге, инвестициялау үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыруға және іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Семинардың практикалық форматы қатысушыларға қолжетімді құралдарды және оларды нақты экологиялық әрі климаттық жобаларда қолдану мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.

IGTIC-те атап өткендей, бүгінде жасыл өсім тек экологиялық күн тәртібі ғана емес, сонымен қатар технологиялық жаңғырту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа нарықтарды дамыту және инвестиция тартумен байланысты экономикалық құралға айналды. Жасыл технологиялар мен ESG тәсілдерінен бастап қаржыландыру тетіктеріне дейінгі осындай экожүйені қалыптастыру Қазақстан бизнесі мен экономикасының орнықты дамуына жағдай жасайды.