БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚАЗАҚСТАН COP31 КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА КЛИМАТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТАТЫН БІРЫҢҒАЙ ПЛАТФОРМАНЫ ТАНЫСТЫРДЫ


ЖАРИЯЛАНҒАН: 10.11.2026
БӨЛІСУ:
← Барлық жаңалықтар

10 қарашада БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында Қазақстанның климаттық инвестициялар тарту жөніндегі елдік платформасының (QCIP) құрылымы таныстырылды. QCIP – мемлекеттік органдарды, халықаралық қаржы институттарын, климаттық қорларды, инвесторлар мен жобаларды әзірлеушілерді біріктіретін, климаттық қаржыландыруды үйлестіру мен тартуға бағытталған ұлттық тетік.

Платформа климаттық басым жобалар портфелін қалыптастыруға, олардың инвестициялық дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ ішкі және халықаралық капитал тартуға бағытталған. QCIP Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен жұмыс істейді. Министрлік ұлттық уәкілетті орган ретінде айқындалған, ал платформаның хатшылығы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (IGTIC) базасында орналасады. QCIP экономиканың барлық саласын қамтиды. Платформа басым бастамалар портфелін қалыптастыру, жобалардың инвестициялық дайындық деңгейін арттыру және оларды қаржыландыруды жұмылдыру мақсатында мемлекеттік органдарды, халықаралық қаржы институттарын, климаттық қорларды, инвесторлар мен жобаларды әзірлеушілерді біріктіреді.

QCIP платформасының салалық бағыттарының бірі – Қазақстанның Әділетті энергетикалық көшу жөніндегі инвестициялық платформасы (QaJET) болды. Оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қолдауымен әзірлеп жатыр. Платформаның мақсаты – 2035 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің белгіленген қуатын кемінде 10 ГВт-қа жеткізу, сондай-ақ электр желілерін жаңғырту, энергия жинақтау жүйелерін дамыту және түпкілікті тұтынушыларды электрлендіру.

Іс-шара аясында екі меморандумға қол қойылды. Бірінші меморандум «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» мен Қазақстанның Даму Банкі арасындағы QCIP шеңберіндегі ынтымақтастықты көздейді. Екінші меморандум Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) бастаған QaJET платформасының әріптестері арасындағы серіктестікті бекітеді. Екінші құжатқа қол қою QaJET платформасының ресми түрде іске қосылғанын білдірді.

QCIP платформасының іске қосылуы Қазақстанның климаттық міндеттемелерді нақты инвестициялық жобалар арқылы іске асыруға көшуіндегі, халықаралық әріптестікті кеңейту және төмен көміртекті экономиканы дамытуға жеке капитал тарту жолындағы маңызды қадам болды.