БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан мен Өзбекстан ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты


ЖАРИЯЛАНҒАН: 17.11.2026
БӨЛІСУ:
← Барлық жаңалықтар

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) аясында Қазақстан мен Өзбекстан ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласты. Тиісті ниет туралы келісімге Қазақстанның «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (IGTIC) мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік экологиялық сараптама орталығы қол қойды.

Құжатқа Өзбекстан Республикасының павильонында ұйымдастырылған «Орталық Азияның ЕҚТ жөніндегі өңірлік цифрлық платформасы: технологиялар, жасанды интеллект және өнеркәсіпті жасыл жаңғырту» тақырыбындағы сессия аясында қол қойылды. Іс-шараға IGTIC Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов қатысып, ЕҚТ саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.

Келісімде химия, энергетика және цемент өнеркәсібі салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар бойынша салалық анықтамалықтарды бірлесіп әзірлеу көзделген. Сонымен қатар тараптар сараптамалық біліммен, практикалық тәжірибемен және әдіснамалық тәсілдермен алмасуды жолға қоюды жоспарлап отыр.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру екі ел арасындағы сарапшылық өзара іс-қимылды нығайтуға, заманауи экологиялық шешімдерді таратуға және өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.