2024 жылғы 10 Маусымда “Тұрақты дамуға арналған су” халықаралық іс-қимыл онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық конференция, 2018-2028 (бұдан әрі-Конференция) шеңберінде “Су және климаттың өзгеруі” Орталық Азия форумы өтті.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық іс-қимыл бойынша баяндама жасауға “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы”КЕАҚ өкілі Айдар Есембаевты ұсынды.
Қазақстан 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына (БҰҰ КӨНК), 2009 жылы Киото хаттамасына және 2016 жылы Париж келісіміне қатыса отырып, климаттың өзгеру проблемасын шешу жөніндегі күш-жігерге белсенді қатысуға және бейімделу жөніндегі шараларды белсенді әзірлеуге өзінің бейілділігін растайды.
“Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру үшін жасыл климат қоры мен БҰҰДБ қолдауымен климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу жөніндегі жоба іске асырылатын болады. Жобаның басты мақсаты климаттық тәуекелдерді ұлттық және субұлттық деңгейлерде дамуды жоспарлауға интеграциялау және Қазақстанның климаттың өзгеруіне тұрақтылығын нығайтатын бейімделу жөніндегі кезеңдік және трансформациялық шараларды іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады” — деп атап өттіАйдар Есембаев.
Конференцияға сондай – ақ Орталық Азия елдерінің даму жөніндегі халықаралық серіктес ұйымдарының, уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Бірінші күнгі кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Ақпарат және тәжірибе алмасу, климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту бөлігінде күш-жігерді одан әрі біріктіру туралы шешім қабылдады.
