Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің отырысы

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің отырысы

29 шілдеде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (бұдан әрі – ХЖТИЖО) өкілдері Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің отырысына қатысты.

Отырысты Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің Тең төрағалары Құдайберген Қанат пен Ahmed Aldakheel мырза кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Іс-шара барысында KAZAKH INVEST және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жеке секторы мен инвесторларын қолдау құралдары таныстырылды. Сондай ақ Іскерлік кеңес алаңында Руслан Бектұрғанов ХЖТИЖО қызметімен таныстырып, Сауд Арабиясы компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді. Компаниялар ХЖТИЖО-ның перспективалы «жасыл» жобаларына және оларды одан әрі іске асыру үшін әлеуетті инвестициялық ынталандыруларға ерекше қызығушылық танытты. Сауд Арабиясының жетекші компанияларымен жұмыс жалғастырыла береді.