“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ Басқарма Төрағасы Д. Н. Қарымсақов “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) ұйымдастырған «DBK Talks: тұрақты даму», екінші панельдік сессиясына қатысты.
Сессияның негізгі мақсаты – ESG (экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару) саласындағы озық тәжірибелер мен идеялармен алмасу. Панельдік сессия жұмысында ХЖТИЖО-дан басқа келесі спикерлер сөз сөйледі: Зульфия Сүлейменова, Президенттің кеңесшісі – ҚР Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі, Ораз Жандосов, «Universal Energy Qazaqstan» компаниясының тең құрылтайшысы, Ренат Бектуров, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, Нұрлан Капенов, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығының Директорлар кеңесінің Төрағасы және Марсия Фавале, Директорлар кеңесінің мүшесі, “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ Тәуелсіз директоры.
Талқылау халықаралық, экологиялық ынтымақтастық, ҚДБ қызметіне ESG-қағидаттарын енгізу, Қазақстанда энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды дамыту, экологиялық зерттеулер, энергетикалық ауысу және Жасыл климаттық қорға арналған бағдарламаны әзірлеу сияқты мәселелерге тоқталды. Іс-шараға қатысушыларға тұрақты дамудың стратегиялық және практикалық аспектілерін талқылауға және сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.
Панельдік сессияда 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында одан әрі өзара іс-қимыл жасау қажеттігі атап өтілді.