ХЖТИЖО БасқармаТөрағасы Иордания компанияларының қатысуымен өткен дөңгелек баяндамасын туйіндеді.

ХЖТИЖО БасқармаТөрағасы Иордания компанияларының қатысуымен өткен дөңгелек баяндамасын туйіндеді.

Иорданияның астанасы Амманда, Қазақстан мен Иордания арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті. Отырыстың ашылуында Иордания Сауда палатасының төрағасы Халил Мұхаммед Әл-Хаджа Тауфик, Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Т. Шалданбай, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Г. Оспанкулов, және Иордания Инвестициялар министрлігінің Бас хатшысы Захира Әл-Қатарне сияқты маңызды қатысушылардың құттықтау сөздері мен баяндамалары болды.

Отырыстың барысында ХЖТИЖО Басқарма Төрағасы Қарымсақов Дидар Центрдің негізгі бағыттарын және «жасыл» технологияларды дамыту мен тұрақты бизнесті қолдауға арналған бағдарламаларын егжей-тегжейлі таныстырды. Ол өз сөзінде Центрдің экономика бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экологиялық таза жобаларға инвестиция тарту, соның ішінде технологиялар трансферті мен озық тәжірибе алмасуға және Қазақстандағы қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға ұмтылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында иорданиялық бизнес өкілдері мен Центрдің арасындағы өнімді B2B кездесулер өтті, бұл серіктестік мүмкіндіктерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін жақсы платформа болды.