Астана, 16 қыркүйек 2024 жыл – КЕАҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (әрі қарай – Орталық) өкілдері CONNEX-тің мемлекеттік органдармен жұмыс бойынша аға кеңесшісі Ричард Дионмен, Астанадағы Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері Кэти Котрелл, Айнур Исламгалиевамен және GIZ өкілі Сабыр Асылбековпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында британдық тарап CONNEX-тің инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық стандарттарды сақтау саласындағы ауқымды инвестициялық жобаларға консультациялық қолдау көрсету бастамасы туралы хабардар етті. Бұл бастама 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әлемнің 23 дамушы еліндегі көптеген перспективті жобаларды қолдады, жетекші сарапшыларды тартты. GIZ CONNEX бастамасының серіктесі болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг департаментінің директоры Алия Абдильдина Орталықтың «жасыл» жобалар пулын қалыптастыру және «жасыл» қаржыландыруды тарту бағытындағы жұмыстары туралы толық айтып берді, сондай-ақ Ұлттық павильонды келіп көруге шақырды. Конференция ООН-ның климаттық өзгерістер жөніндегі СОР29 алаңында Баку қаласында өтетінің атап өтті. Орталық көптеген халықаралық ұйымдармен өнімді ынтымақтастық орнатып, жасыл технологиялар мен энергия үнемдеу саласында инвестициялық жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді.
Кездесудің нәтижесінде тараптар жасыл технологияларды дамыту және перспективті жобалар саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат алмасуға келісім жасады. Өз тарапынан CONNEX Орталықтың бастамаларына техникалық қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруға және СОР29 шараларына қатысуға дайын екенін білдірді.