ЕҚТ саласындағы әріптестікті нығайту

ЕҚТ саласындағы әріптестікті нығайту

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Неміс агенттігінің қаржылық қолдауымен «Өңірлік өзара іс-қимылға баса назар аудара отырып, ЕҚТ саласындағы әріптестікті нығайту» жобасын іске асырып жатыр. В Осы жобаны іске асыру шеңберінде Ең үздік қолжетімді техника (бұдан әрі – ЕҚТ) қағидаттарын ілгерілету мақсатында хабардарлықты, білімді және ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Мәселен, 2024 жылғы 18-21 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «ЕҚТ саласындағы әріптестікті кеңейту және ЕҚТ саласындағы тренерлерге және ЕҚТ бойынша анықтамалықтарға арналған тренинг» өңірлік семинары өтті. Семинар қатысушыларға ластанудың негізгі көзі болып табылатын өнеркәсіп секторында тиімділікті арттыруға, қалдықтардың түзілуін азайтуға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға ықпал ететін экологиялық таза технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шара аясында Орталық Азия елдерінің өкілдері, сондай-ақ ERG  компаниялар тобының өкілдері баяндама жасап, өндіріске ЕҚТ енгізудің қолайлы тәжірибесімен бөлісті. Орталық өз кезегінде ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу тәжірибесін ортаға салды және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Өңірлік семинар алаңы халықаралық сарапшылардың қатысуының нәтижесінде Орталық Азия елдері үшін одан әрі тәжірибе алмасу, экологиялық таза технологиялар мен ЕҚТ қағидаттарын енгізу барысы туралы ақпаратты жаңарту платформасы бола алды.