Алматыда AQCA ауа сапасы бойынша үшінші Орталық Азия конференциясы өтті

Алматыда AQCA ауа сапасы бойынша үшінші Орталық Азия конференциясы өтті

2024 жылғы 19-20 қыркүйекте Алматы қаласында AQCA ауа сапасы бойынша үшінші Орталық Азия конференциясы өтті. AQCA платформасының мақсаты – Орталық Азия елдеріндегі ауаның ластануына қарсы күрес бойынша іс-қимылды біріктіру. Платформа 2022 жылы Қырғызстандағы Бішкек қаласында ауа сапасы жөніндегі өңірлік конференция барысында іске қосылды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: “Қазақстандағы БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы (ЮНЕП)”, “Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы”, “МувГрин” ҚБ және басқа да халықаралық ұйымдар.

Екі күн ішінде ОА елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері мен белсенділер ауа сапасын мониторингілеу жүйелерін енгізу, сондай-ақ шаң дауылдарын мониторингілеу және болжау; ауаның ластануының Орталық Азия елдеріндегі адамдардың денсаулығына, тыныс алу жолдарының ауруларына әсері; ауа сапасын мемлекеттік реттеу және ОА елдеріндегі ауа сапасының стандарттары және тағы басқаларсияқты неғұрлым өзекті тақырыптарды талқылады.

Өз кезегінде “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ спикері ретінде ЕҚТ бюросының қызметкері Баймұхаметов Әлішер қатысып, сөз сөйлеп, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасындағы ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) бойынша ұлттық анықтамалықтарды әзірлеу тәжірибесімен егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Конференцияға сондай-ақ өз елдеріндегі ауа сапасын жақсарту жөніндегі жұмысқа белсенді қатысатын мемлекеттік органдардың, халықаралық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтық қоғам және БАҚ ұйымдарының өкілдері қатысты.