2024 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т.Ошурбаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, қоғамдық экологиялық ұйымдар және “Атамекен” ҰКП өкілдерінің қатысуымен “Негізгі органикалық химиялық заттар және полимер өндірісі”, “Атмосфералық ауаға және су объектілеріне шығарылатын ластаушы заттардың эмиссияларына мониторинг жүргізу”, “Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің ағынды суларын тазарту”, “Титан және магний өндірісі” ЕҚТ бойынша анықтамалықтарын қарау және келісу жөніндегі ЕҚТ комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барысында “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ ЕҚТ бюросының басшысы Б.Б. Әбеновтың баяндамасы тыңдалды, ол ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу жөніндегі қызметтің барысы мен ағымдағы нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті.
Дауыс беру нәтижелері бойынша аталған ЕҚТ анықтамалықтарына ЕҚТ комитетінің барлық мүшелері ескертусіз келісім жасады және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітудің кейінгі рәсімі үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберу ұсынылды.