КЕАҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (әрі қарай – Орталық) кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Бекежан Жакеевтің жетекшілігімен UK Export Finance делегациясымен кездесу өтті. Делегацияны бизнес даму және клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің жаһандық жетекшісі Вомик Нур Шах басқарды. Кездесуге UKEF-тің Орталық Азия бойынша экспорттық қаржыландыру директоры Севара Мадгазиева және Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің өкілі қатысты.
UKEF әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, экологиялық таза энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруда үлкен тәжірибеге ие.
Кездесу барысында Орталық пен UKEF-тің Қазақстанның даму бағдарламасын қолдау мақсатында 5 миллиард фунт стерлинг көлемінде бөлінген кредиттік лимиттерді пайдалану бойынша бірлескен жұмыстары талқыланды. Қатысушылар экспорттық-кредиттік агенттіктердің қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтарымен және еліміздің приоритетті жобаларына арналған қаржылық шешімдер туралы идеялармен бөлісті, мысалы, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын, метан жобаларын құрылысын жүргізу және т.б. Сонымен қатар, Apex Green Fund-тің қызметі таныстырылды, мұнда Орталық шектеулі жауапкершілікпен серіктес ретінде қатысады.
Кездесудің нәтижесінде UKEF тарапынан Apex Green Fund және Орталықтың пайплайнындағы жасыл жобаларды қаржыландырудың перспективті бағыттарын зерттеу және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру туралы өзара келісімге қол жеткізілді.
Ақпарат: UKEF – Ұлыбритания үкіметінің экспорттық-кредиттік агенттігі, ол бәсекеге қабілетті қаржылық қызметтер, сақтандыру және кепілдіктер ұсынып, Ұлыбританиядан тауар сатып алуға көмектеседі.