16 қазан күні Астана қаласында КЕАҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (әрі қарай – Орталық) өкілдері, орталықтың Басқарма Төрағасы Дидар Карымсақовтың жетекшілігімен, Азия Даму Банкының өкілдері, оның ішінде мырзалар Крис Пёрчас және Андреас Бирманнмен кездесу өткізді.
Дидар Каримсаков кездесуді Орталықтың қызметі мен жасыл технологиялар бойынша ең жақсы қолжетімді технологиялар жөніндегі анықтамалықтар, GCIP бағдарламасы аясында стартаптарды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы презентациямен бастады. Орталықтың Apex Green Fund-пен серіктес екенін, болашақта жүзеге асырылатын «жасыл» жобалар тізіміне ие екенін және Карбондық Қорды құру жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Азия Даму Банкының өкілдері Орталықтың қызметіне үлкен қызығушылық танытып, Қазақстанда Париж келісімі бойынша экология және табиғи ресурстар министрлігіне ұлттық деңгейде белгіленген жарналарды (NDC) қолдау үшін техникалық көмек аясында консультациялық миссия өткізетінін айтты. Осы миссияның бір нәтижесі қатты қалдықтарды басқару бойынша қаржыландыруды жекеменшік сектордан тарту үшін жол картасын таныстыру болады.
Кездесу барысында климаттың өзгеруінің әсерін жеңілдету және бейімделу мақсаттарына жету үшін қаржыландыруды тарту бойынша негізгі мәселелер талқыланды.
Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстанның белгіленген мақсаттарына жетуіне көмектесетін қалдықтарды басқарудың тиімді механизмдерін енгізу және тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.