ХЖТИЖО мен The Nature Conservancy табиғат қорғау шешімдері мен тұрақты су басқару саласындағы серіктестікті талқылайды

ХЖТИЖО мен The Nature Conservancy табиғат қорғау шешімдері мен тұрақты су басқару саласындағы серіктестікті талқылайды

Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісін жалғастырып келеді. 5 мамырда Орталықтың кеңсесінде The Nature Conservancy (TNC) жаһандық табиғат қорғау ұйымының өкілі, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі табиғатты қорғау жөніндегі бас ғылыми қызметкер және директор доктор Эдвард Гейммен кездесу өтті.

The Nature Conservancy — 70-тен астам елде жұмыс істеп отырған әлемдегі ең ірі табиғат қорғау ұйымдарының бірі. Өзінің 70 жылдық тарихында TNC өзін қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды тұрақты пайдалану, климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғатқа негізделген шешімдерді енгізу саласындағы беделді серіктес ретінде таныла білді. Ұйым үкіметтермен, бизнеспен және сараптамалық қоғамдастықпен ғылыми сүйемелдеуді және экожүйелерді қалпына келтірудің инновациялық тәсілдерін, биологиялық әртүрлілікті қорғауды және су және жер ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ете отырып, белсенді ынтымақтастық жасайды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда табиғат қорғау бастамаларын бірлесіп іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. TNC Орталықпен тереңдетілген ынтымақтастыққа, сараптаманы біріктіруге және табиғи аумақтарды қалпына келтіруге, табиғатқа бағдарланған шешімдерді (Nature-Based Solutions) енгізуге, су басқару жүйелерін жетілдіруге, сондай-ақ орманды қалпына келтіруге және биологиялық әртүрлілікті қорғауға бағытталған бірлескен жобаларды іске қосуға мүдделілік білдірді. Монғолиядағы TNC тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды, онда өзен экожүйелерін сақтау, топырақты тұрақтандыру және құрғақ климат жағдайында табиғи резервацияларды қалпына келтіру жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр.

ХЖТИЖО тарапынан GCIP Kazakhstan бағдарламасын, ең озық қолжетімді технологияларды ілгерілетуді, «Жасыл көпір» халықаралық серіктестік бағдарламасын іске асыруды және таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдауды қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттары ұсынылды. Сондай-ақ, жасыл қаржыландыру, ерікті көміртек нарықтары және халықаралық стандарттар бойынша экологиялық технологияларды сертификаттау саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. The Nature Conservancy тұрақты даму саласындағы қазақстандық бастамаларды қаржыландыруға және жаһандық ілгерілетуге жәрдемдесуге дайынбыз деп мәлімдеді.

Сапар аясында доктор Гейм еліміздің экологиялық саясатының негізгі басымдықтарын талқылау және TNC жаһандық бағдарламаларымен түйісу нүктелерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өкілдерімен кездесуге қызығушылық танытты.

ХЖТИЖО атап өткендей, «The Nature Conservancy» сияқты ұйымдармен әріптестік Қазақстан үшін халықаралық табиғат қорғау күн тәртібінде жаңа көкжиектер ашады және ауқымды экологиялық трансформацияға қарай маңызды қадам болуы мүмкін. Тараптар диалогты жалғастыруға және одан әрі өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жол картасын дайындауға келісті.