Temporary title #9100

Temporary title #9100

“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ
Сіздерді “Green Tech коммерцияландыру реакторы” технологиялық брокерлік іс-шарасына қатысуға шақырады! Бұл — ғылым, инновация және бизнестің басын қосатын бірегей алаң. Іс-шара Астана қаласы мен Ақмола облысындағы мынадай экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған:

  1. Ауаның ластану деңгейін төмендету
  2. Суды тазарту, қайта пайдалану және су ресурстарын цифрландыру
  3. Қалдықтардың түзілуін азайту, оларды қайта пайдалану және өңдеу
  4. Қалалық ортаны көгалдандыру

Біз инноваторларды, ғалымдарды, сарапшыларды, кәсіпкерлерді және мүдделі тараптарды іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Өз инновациялық шешіміңізді ұсынғыңыз келе ме?
Технологияңыздың қысқаша сипаттамасын және презентациялық материалдарды ұйымдастырушыларға жіберіңіз.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13/5-үй (Ұлттық биотехнология орталығы)
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 27 маусым, басталуы – 10:00
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/h1gNnyX49LP3yEBL9
Қатысу сұрақтары бойынша: m.kazken@igtipc.org, +7 (7172) 79 77 96

Қосылыңыздар! Қазақстан қалаларының тұрақты және экологиялық болашағын бірге қалайық!