Орталық Азия экологиялық ынтымақтастықты нығайтуда: Ақтауда үш негізгі бастама ұсынылды

Орталық Азия экологиялық ынтымақтастықты нығайтуда: Ақтауда үш негізгі бастама ұсынылды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған Орталық Азия елдерінің экология мәселелері жөніндегі министрліктерудің кездесуі аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) өңірлік экологиялық өзара іс-қимылды және өнеркәсіпті жаңғыртудың тұрақты тәсілдерін дамытуға бағытталған үш тұжырымдамалық бастаманы ұсынды.

  1. Орталық Азия елдерінің ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) бойынша бюросы
    Бастама ЕҚТ енгізу бойынша мемлекетаралық үйлестіру орталығын құруға бағытталған. Өнеркәсіп саласындағы экологиялық реттеу тәсілдерін үйлестіру бойынша Өңірлік бағдарламаны іске қосу, бірлескен ЕҚТ анықтамалықтарын әзірлеу және деректермен, технологиялармен және оқыту контентімен алмасу үшін Біріңғай цифрлық платформаны құру ұсынылды. Негізгі мақсат – Орталық Азия елдерінің өнеркәсібін ЕҚТ қағидаттарына көшіру үшін мемлекетаралық ғылыми-техникалық үйлестіру орталығын қалыптастыру.
  2. Таза технологиялар саласындағы стартаптарды дамыту жөніндегі өңірлік акселерациялық бағдарлама
    ХЖТИЖО GCIP бағдарламасы аясында Қазақстандағы табысты тәжірибені өңірлік деңгейде кеңейтуді ұсынды. Тұжырымдама экологиялық назарға ие стартаптарды дамыту акселераторын іске қосу, сарапшылар пулын, тәлімгерлік платформаны және Орталық Азия елдеріне арналған инвесторлар желісін құруды қамтиды. Бұл құрылым білімді, озық тәжірибені және инновациялық шешімдерді шоғырландырудың бірыңғай платформасына айналып, өңір елдері арасындағы жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
  3. Астанадағы Өңірлік экологиялық саммит аясындағы Орталық Азия елдерінің көрмесі
    2026 жылы тұрақты даму технологияларына, «жасыл» өнеркәсіпке және климат саласындағы шешімдерге арналған халықаралық көрме ұйымдастыру тұжырымдамасы ұсынылды. Іс-шара өңірдегі технологиялық жетістіктерді көрсету, инвестициялар тарту және мемлекетаралық әріптестікті ынталандыру үшін орталық алаңға айналуы тиіс. Көрменің мақсаты – Орталық Азияны жасыл инновациялар мен халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың бірыңғай, белсенді орталығы ретінде көрсету, өңірлік экологиялық саммиттің саяси диалогына практикалық өлшем беру. Іс-шара өңір экономикасының негізгі секторларына тікелей шетелдік инвестициялар мен технологияларды трансферттеуді жеделдетуге, сондай-ақ үкіметтер, халықаралық бизнес, ғылыми қауымдастық және қаржы институттары арасындағы синергияны құруға арналған платформа жасауға бағытталған.

Бастамаларды талқылауға Орталық Азия елдерінің бейінді министрліктерінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және іскерлік қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Ұсынылған тұжырымдамалар үлкен қызығушылық тудырып, зор ықыласпен қабылданды. Қатысушылар ұсынылған бағыттардың өзектілігін атап өтіп, бастамаларды бірлесіп қарастыруға және іске асыруға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешуде өңірлік бірлескен тәсілді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Үш тұжырымдаманың барлығы Орталық Азия елдерінің практикалық экологиялық әріптестікті тереңдетуге және мемлекетаралық деңгейде жасыл шешімдерді ілгерілетуге жоғары қызығушылығының айғағы болды.