- Лауазым туралы ақпарат
1 | Лауазым атауы: | Бас менеджер |
2 | Құрылымдық бөлімше: | Маркетинг және PR қызметі |
3 | Функционалдық міндеттері: | Маркетингтік стратегия және жоспарлау
· Қоғамның маркетингтік стратегиясын әзірлеу және іске асыру. · Нысаналы сегменттерді анықтау және Қоғам қызметтерінің позициялануын белгілеу. · Маркетингтік жоспарды дайындау және қорғау, оның орындалуын бақылау. Қызметтерді ілгерілету · Қоғам қызметтерін ілгерілету бойынша кешенді маркетингтік науқандарды әзірлеу (digital, офлайн, PR). · Жарнамалық және коммуникациялық іс-шараларды ұйымдастыру, көрмелерге, конференцияларға және салалық форумдарға қатысу. · Ықтимал клиенттер мен инвесторларға арналған таныстырылым материалдарын дайындау. Талдау және зерттеулер · Нарықты, бәсекелестік ортаны және мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін талдау. · Басшылыққа аналитикалық есептер мен ұсынымдар дайындау. · Коммерциялық қызметтерді жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру. Сату және клиенттермен жұмыс · Сату стратегиясын әзірлеу және іске асыруға қатысу. · Ықтимал клиенттерді іздеу және байланыс орнату, клиенттік базаны қалыптастыру. · Келіссөздер жүргізу, коммерциялық ұсыныстар дайындау, шарттарға қол қоюға қатысу. Digital және коммуникациялар · Корпоративтік сайт пен әлеуметтік желілерді басқару, қызметтерді цифрлық арналар арқылы ілгерілету. · Маркетингтік және PR-материалдар әзірлеу (презентациялар, буклеттер, кейстер, жарнамалық мәтіндер). · Digital-арналардың және жарнамалық науқандардың тиімділігін бақылау. Аналитика және есептілік · Маркетингтік науқандардың және жарнамалық бюджеттердің тиімділігін бағалау. · Жұмыс нәтижелері бойынша есептілік дайындау (ROI, KPI). · Маркетингтік шығындарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу. |
- Үміткерлерге қойылатын талаптар
1 | Білім деңгейі/профиль: | Маркетинг, менеджмент, экономика немесе ұқсас мамандықтар бойынша жоғары білім. |
2 | Кәсіби тәжірибесі: | Кемінде 3 жыл кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі. (Мемлекеттік басқару органдарында немесе институттарда жұмыс тәжірибесі болғаны жөн). |
3 | Қосымша талаптар: | · Маркетингтік стратегияларды әзірлеу және қызметтерді/өнімдерді нарыққа шығару тәжірибесі.
· Келіссөздер жүргізу және презентация өткізу дағдылары. · Digital-маркетинг құралдарын білу (SEO, SMM, контекстік жарнама, e-mail маркетинг). |
4 | Білім, тәжірибе және негізгі дағдылар: | · Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ақпарат және сатып алулар саласындағы қызметті реттейтін заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері;
· ҚР-ның БАҚ және зияткерлік меншік туралы заңнамасы; · Ішкі еңбек тәртібі ережелері, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары; · Қоғамдық пікір қалыптастыру және беделді түзету тәжірибесі; ашық және имидждік іс-шараларды (семинарлар, брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру; · Халықаралық және аймақтық конференциялар, форумдар, салалық көрмелер, шығармашылық байқауларды ұйымдастыру тәжірибесі; · Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қалыптастыру және орындау тәжірибесі; ақпараттық баспа және электронды материалдарды (буклеттер, брошюралар, флаерлер, әдістемелік құралдар, инфографика, пайдалы кеңестер) әзірлеу; · Жобалық басқару дағдылары, портфельді қалыптастыру және іске асыру; · Big Data-мен жұмыс, талдау және ұсынымдар жасау дағдылары; · Іскерлік процестерді құру тәжірибесі; · Ағылшын тілін білуі құпталады; · MS Office бағдарламаларын сенімді қолданушы; · Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары. |
5 | Жеке қасиеттері: | · Кең ауқымды мүдделі тараптармен жұмыс істей білу;
· Келіссөздер жүргізу, консенсусқа қол жеткізу қабілеті; · Коммуникациялық және презентациялық дағдылар (қоғам алдында сөз сөйлеу, сұхбаттар, жарияланымдар тәжірибесі). |
6 | Тілдерді меңгеру деңгейі: | Қазақ және орыс тілдерін білу. Ағылшын тілі – Intermediate деңгейінен төмен емес (қалаулы). |
7 | Компьютерлік дағдылар: | · MS Office бағдарламаларын сенімді меңгеру;
· Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі. |
– Өтінімдерді қабылдау: 2025 жылғы 22-26 тамыз аралығында
– Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде бере алады hr@igtipc.org., сұрақтар бойынша
8 (7172) 79-99-21 телефоны бойынша хабарласуға болады